Шымкент полициясы: журналистерге шабуыл жасау құқық бұзушылық емес

Шымкент қаласының полиция департаменті Алтынтөбе тұрғын үй кешенінде полиция қызметкерлерінің журналистерге күш қолдануы бойынша қозғалған қылмыс істі тоқтатты. Бұл туралы “Әділ сөз” қоры ресми органнан алған жауапқа сүйене отырып хабарлады.

Шымкент полициясы ішкі қауіпсіздік бөлім бастығы, полковник Н. Жұмахметовтың сөзінше, 31 арнаның тілшісі Бахром Абдуллаевтан денесін жарақаттау фактісі анықталса да, қылмыстық құқық бұзушылық болмағандықтан іс тоқтатылып, Шымкент прокуратурасының зерттеуіне жіберілген.

Контекст

  • 2 наурыздың түнінде Тамерлан тасжолының бойында орналасқан авто бөлшектер қоймасында үлкен өрт шыққан. Оқиға орнына репортаж түсіруге келген журналиске тәртіп сақшылары видео түсіруге тыйым салған.
  • Үш полиция қызметкері Бахрамбек Талибжановты байлаған. Ал тағы біреуі тілшінің бетіне, сосын бүйрегіне соққы жасаған. Сол сәтте Бахрамбектің әріптесі — 31 арнаның тілшісі Бахром Абдуллаев жүгіріп келіп, телефонына болып жатқан оқиғаларды түсірген. Кейін Бахрамбек Талибжанов полицияға арыз жазған.
  • “Шекарасыз репортерлер” рейтиңінде Қазақстан 180 елдің ішінде 155-орында және Қазақстан сөз бостандығы картасында жағдайы «нашар» деп бағаланған елдер қатарында.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz