ШҚО-да вакцина паспортын сатумен айналысқан бес адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында жалған вакцина паспортын сатқаны үшін бес адам ұсталды. Олардың арасында дәрігерлер де бар. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Өскемен емханасында жұмыс жасайтын екі дәрігер мен үш азамат ұсталды. Азаматтар құжатты алу үшін делдалдар арқылы 20 мың теңге мен жеке куәліктің көшірмесін берген.

Сонымен қатар, оларға медициналық мекемеге келу міндеттелмеген. Делдалдар 2-3 мың теңге көлемінде өздеріне алып, табыстың қалған бөлігін “дәрігерлерге берген”.

Қазіргі уақытта мұндай тәсілмен қанша адам жалған вакцина паспортын сатып алғаны анықталып жатыр. Ұсталған медицина қызметкерлерінің айтуынша, жалған құжатты 20 адамға сатқан. Тергеу мәліметінше, вакцина паспортын сатып алған адам саны бұдан да көп болуы мүмкін.

ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz