Шетелдік фильмдерді қазақша дубляждау жөнінде петицияға қол жинау басталды

Қазақстан азаматтық қоғамының өкілі Әйгерім Батырғожина шетелдік көркемфильмдерді қазақ тіліне дубляждау жөнінде петицияға қол жинай бастады. Қазіргі уақытта петицияға шамамен 3400 адам қол қойды.

Петиция авторы Әйгерім Батырғожинаның айтуынша, әлемдік киностудиялар Ресеймен келісім-шартты бұзғасын салдары Қазақстанға ауыр болады. Оның сөзінше, осыған дейін Қазақстан кинотеатрларында көрсетілетін шетелдік фильмдер тікелей шетелдік киностудиялардан келмеген. Тек Ресейден орысша дубляждалған нұсқасы прокатқа алынатын.

Қазақша дубляждың жоқтығынан біз осы күнге дейін кинотеатрларымызда шетелдік фильмдердің барлығын орысша дубляжда көріп келдік. Тәуелсіз Қазақстанда тұратын біздің басқа таңдауымыз да болған жоқ.

Әйгерім Батырғожина.

Батырғожина қазақ тілді фильмдерге сұраныстың көп екенін айтып, үкімет азаматтардың талабын ескеретіне үмітті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz