Шекарасыз тілшілер: журналист Макс Левинді Ресей әскери күштері өлтірді

Ресей әскери күштері украиналық фотограф Макс Левинді және оның досы — Украина қарулы күштерінің сарбазы Алексей Чернышевті наурыз айында Киев маңындағы орманда өлтірген. Бұл туралы Шекарасыз тілшілер (RFS) халықаралық құқық қорғау ұйымы журналистің қалай өлгенін зерттеген соң осындай қорытынды жасады.

Зерттеу авторларының айтуынша, Левин әуеден фото түсіруге арналған дронын алып келу үшін орманға барған. Оны Киев облысының кейбір аймағын жаулап алған ресейлік әскерлер байқаған. Ұйым мәліметінше, журналисті өлтірмес бірнеше сұраққа қойып, қинаған.

Шекарасыз тілшілер ұйымының бас хатшысы Кристоф Делуар қылмыс болған жердегі фотолар мен басқа дәлелдерге сүйеніп, оның атылғанын айтады. Оның сөзінше, журналиске біраз сұрақ қойып, оны қинаған да болуы мүмкін.

“Шекарасыз тілшілер” ұйымының қызметкерлері Украинаның қауіпсіздік күштері өкілдерінің арқасында Левиннің қайда өлтірілгенін анықтады. Ол қайтыс болған жерде Левинге тиесілі “Форд Маверик” көлігі әлі де бар.

“Шекарасыз тілшілер” көліктен атылған 14 тесік тапқан. Сонымен қатар, бірнеше оқ пен Чернышевтің жеке куәлігін анықтаған.

Азаттық радиосының жазуынша, Украинада Ресей басқыншылығы туралы фоторепортаж жасап жүрген 40 жастағы Максим Левин 1 сәуірде Киев облысы аумағында өлі табылған. Ол 13 наурызда шайқас болып жатқан Гута Межигорская ауылына қарай жолға шыққан соң көп ұзамай хабар-ошарсыз кеткен еді. Левиннің қасында бұрынғы фотограф, украин сарбазы Алексей Чернышов бірге жүрген еді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz