«Шекарасыз репортерлер» ұйымы өшпенділік тілі мен фейк ақпарат үшін Facebook компаниясын сотқа берді

Франциядағы “Шекарасыз репортерлер” (RSF) ұйымы “өшпенділік тілі мен фейк ақпарат” үшін Facebook компаниясының үстінен сотқа шағымданды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Ұйымның хабарлауынша, желі әкімшілігі интернеттегі қауіпсіз ортаны қамтамасыз етпей, өзіне алған міндеттерді орындамайды. Сонымен қатар, шағымда компанияның Charlie Hebdo журналына, Quotidien бағдарламасына және L’Union басылымына өшпенділік тілін ұстанатыны айтылған.

Facebook компаниясының Франциядағы өкілі қазіргі уақытта RSF шағымына түсініктеме бере алмайтынын хабарлады.

“Шекарасыз репортерлер” ұйымының хабарлауынша, сот арызды қанағаттандырса, бұл жағдай әлемдегі осындай сот процестері үшін маңызды бастама болады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz