Сауалнама: Қазақстандықтардың 43%-ы қашықтан оқуға қарсы

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстанда қашықтан оқыту» тақырыбында сауалнама жүргізді.

Респонденттердің көпшілігі, нақтырақ айтсақ 43%-ы, қашықтан оқуға түпкілікті қарсы. 38% -ы түсіністікпен қарайды, алайда жаңа оқу жылына билік жақсырақ дайындалуы керек еді дейді. Онлайн форматты қажетті шара деп қабылдап, қолдайтындар – 16%.

Сауалнама: Қазақстандықтардың 43%-ы қашықтан оқуға қарсы
Дереккөз: DEMOSCOPE

Сауалнама деректеріне сәйкес, азаматтардың басым көпшілігі онлайн-оқытудың тиімділігін «орташадан төмен» (42%) және «орташа» (41%) деп бағалайды. 12% қатысушы  «өте жоғары» деп баға берді.

Мұғалімдер, оқушылар және білім саласындағы сарапшылардың қатысуымен өткізілген  PaperLab-тің зерттеуі қашықтан оқыту формасы  еліміздің білім беру жүйесіне жағымсыз әсер ететінін растады.

Онлайн-оқытудың ең маңызды факторларының бірі – интернетке қосылу сапасы.  DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижелері көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан азаматтардың жартысы (49%) үйіндегі интернеттің сапасын «орташа, кейде қиындықтар туындайды» деді. Төрттен бірінде (25%) интернет сапасы нашар, жалпы  олар тұратын аймақта интернетке қосылу қиын екен.

Сауалнама: Қазақстандықтардың 43%-ы қашықтан оқуға қарсы
Дереккөз: DEMOSCOPE

DEMOSCOPE дерегіне сәйкес, қатысушылардың үштен бір бөлігі (30%) қашықтан оқытудың басты кемшілігі – балалар, мұғалімдер және ата-аналар үшін стресс деп санайды. 28% техникалық қиындықтар мен интернет жылдамдығының төмендігі оқуға кедергі келтіреді деп жауап берді.

Сауалнама: Қазақстандықтардың 43%-ы қашықтан оқуға қарсы
Дереккөз: DEMOSCOPE

Қоғамдық көңіл-күйдің маңызды индикаторы – азаматтардың үкімет тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарым-қатынасы. «Жаһандық коронавирус пандемиясы жағдайында білім берудің қандай формасын оңтайлы деп санайсыз?» деген сұраққа 35%-ы адамдарға  өздеріне ыңғайлы оқыту формасын таңдау құқығын беру қажет дейді. 33%-ы онлайн-оқытуды қолдайды. 29%-ы онлайн форматқа күмәнмен қарады. Бұрынғыдай мектеп пен университетке барған дұрыс, сауатсыздық коронавирусқа қарағанда қауіптірек дейді олар.

Сауалнама: Қазақстандықтардың 43%-ы қашықтан оқуға қарсы
Дереккөз: DEMOSCOPE

Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, материалдық-техникалық жағдай жасалмағаны, білім беру жүйесінің жаңа оқу жылына дайын болмағаны  үшін қашықтан оқыту формасына қазақстандықтардың көңілі толмайды. Сонымен қатар, интернетке қолжетімділік әртүрлі болғандықтан, оқушылар арасында аймақтық теңсіздіктің артқанын байқауға болады.

Сауалнамаға 2020 жылы 6-9 қазан аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) тұратын, 18 жастан асқан 1100 адам қатысты. Қатысушылардың 25%-ы ер азаматтар, 75%-ы әйелдер. Зерттеуде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмерлерінің абоненттік қоры пайдаланылды.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz