Сауалнама: Қазақстандықтар коронавирус туралы ақпараттың рас-өтірігін анықтау қиын дейді

Қазақстанда тұратын тұрғындардың едәуір бөлігі короновирусқа қатысты фейк ақпараттарды ажырата алмайды. Бұндай деректерді DEMOSCOP қоғамдық пікірді бақылау бюросы 27 ақпаннан 4 наурыз аралығында жүргізген сауалнамада анықтаған.

Сауалнама нәтижесінде, тұрғындардың едәуір бөлігі короновирусқа қатысты жаңалықтардың сенімді ақпарат көзі екендігін анықтай алмайды (39%). Ал сауалнамаға қатысушылардың 32% бұл сұраққа жауап беруге қиналатынын айтқан. Тек тұрғындардың үштен бірі ғана короновирусқа қатысты шынайы және фейк жаңалықтарды ажырата алатынын айтқан. Зерттеушілерді азаматтардың ақпараттар көздеріне деген сенімділігі де қызықтырған еді. Сауалнама деректері бойынша:

  • 46% коронавирус туралы шынайы ақпаратты дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тарататынына сенімді;
  • 19% Қазақстанның және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми билік орындарына сенеді;
  • 14% ғалымдар мен эксперттерге сенеді;
  • 10% таныстары жіберген ақпаратқа сенеді;
  • 8% блогерлер мен қарапайым әлеуметтік желілерді қолданушыларға сүйенеді екен.

Пандемия кезінде елімізде фейк және арандатушы ақпараттар өте көп талаған болатын. Соның ішіндегі қарапайым халықты дүрбелеңге салған, 5G мұнарасы арқылы короновирус таратылады деген хабар болатын. Сауалнама нәтижесі бойынша:

  • 48% бұл ақпаратқа сенбейді;
  • 45% бұл сұраққа жауап беруге қиналады;
  • 6% бұл фейк ақпаратқа сенген.

Бір қызығы, телеарналардағы коронавирус туралы жаңалықтарды негізгі ақпарат көзі ретінде қабылдаған. Респонденттердің 91%-ы пандемия туралы басты ақпараттық ресурс ретінде телеарналарды көрсетсе, респонденттердің үштен екісі (72%) қазақстандық телеарналарды, ал 19%-ы шетелдік телеарналарды қарайды екен. Сауалнамадағы респонденттердің көпшілігінің жасы (47%) 25-44 жас аралығында болды, ал 65 жастан асқан респонденттердің үлесі тек 8% құрады.

Екінші үлкен ақпарат көзі әлеуметтік желілер орналасса (24%), ал үшінші орынды интернет-басылымдар алды (20%).

Барлығы 14 облыс пен Республикалық маңызы бар қалаларды қосқанда 18 жастан асқан 1100 адам (53% ерлер және 47% әйелдер) сауалнамаға қатысқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz