Сауалнама: 62% ресейлік ақпараттың рас-өтірігін ажырата алатынына сенімді

Ресейліктер фейк пен шынайы жаңалықты ажырата алатынына сенімді. Бұл туралы Rambler&Co зерттеуінде хабарланды.

Rambler&Co жүргізген сауалнама нәтижесіне сай, 62% ресейлік шынайы жаңалық пен фейкті ажырата алатына сенімді. Мұндай жағдайда олар ресми дереккөзден ақпарат іздейді.

Қолданушылардың төрттен бір бөлігі ақпараттың фейк екенін сезетінін айтты. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 8%-і жаңалықты тексермейді, ал 5%-і таныс сарапшымен кеңеседі.

Сауалнама Rambler&Co ресурстарында 1-4 наурыз аралығында жүргізілген. Бұған 458 525 қолданушы қатысқан, оның 66%-і — ерлер, 34%-і — әйелдер.

Контекст 

Жақында Ресей Мемлекеттік Думасы екінші және үшінші оқылымда Ресей Қарулы күштерінің әрекеті туралы жалған ақпарат таратқандарға қатысты жаза енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Заңда үлкен айыппұлдар мен бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz