Сабын көпіршігі масадан қорғануға көмектесе ме?

АҚШ-та масаның сабын көпіршігінен немесе көпіршік шығаратын ойыншықтан қорқатыны туралы ақпарат көп тараған. Snopes ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Біраз сайт сабын көпіршігін шығаратын машиналарды “тұрмыстық құрал” ретінде жарнамалайды. Олардың жазуынша, сабын көпіршігі арқылы масаның шағуынан сақтануға болады, себебі шыбын-шіркейлерге сабынның иісі ұнамайды.

Алайда фактчекерлер бұл ақпаратқа қатысты нақты, дәлелденген дерек таппады.

Сонымен бірге маса — инфекция тасылмалдаушылардың бірі. Сол себепті АҚШ-тың ауруды бақылау және профилактика орталығы (СDC) жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларын дайындайды. Алайда ол тізімде сабын не оның көпіршігі туралы ештеңе айтылмаған.

Контекст

  • Енді біреулер шыбын-шіркей, оның ішінде масалар Colgate-Palmolive компаниясының Irish Spring сабынынан қорқады деп те ойлайды. 2021 жылы Snopes сайты бұл ақпаратты да тексерді, дегенмен растай алмаған.
Factcheck.kz