Англияда Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен мұғалім жұмысынан шеттетілді

Оқушыларға Мұхаммед пайғамбардың «орынсыз» бейнесін көрсеткен Батлидегі (Батыс Йоркшир) гимназия мұғалімі жұмысынан шеттетілді. Қазіргі уақытта аудиторлық тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Бейсенбіде мұсылман қауымы мұғалімнің жұмыстан шығуын талап етті. Олар талап орындалмаса балаларын мектептен шығарамыз деп, мектеп ғимараты алдында наразылық білдірді.

Мұсылмандар Алла да, Мұхаммед те адам ретінде бейнеленбеуі керек деп санайды. Сондықтан мұндай әрекетті қорлау ретінде қабылдайды.

Былтыр қазанда Париж маңындағы орта мектептің мұғалімі Самуэль Пати, толеранттылық пен сөз бостандығы сабағы аясында оқушыларына Мұхаммедтің карикатурасын көрсетті. Бұл жағдайдан кейін шешендік 18 жастағы жігіт мұғалімнің басын кескен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz