«Рухани жаңғыру» логотипі плагиат па?

27 мамыр күні Қазақстандағы фейсбук әлеуметтік желісін қолданушылары жаңа плагиатты қызу талқылады. Одан бері бұл туралы шенеуніктер де, журналистер де қызу талқылауда. Алғашында,  құстарға қатысты тақырыпты екі автор тауып алған:

Логотип Рухани Жангыру

Логотип Рухани Жангыру, плагиат

Посттарда бұл суреттің плагиат және айырмашылығы жоқ екендігі жазылған. Ал біз қазір сіздермен берге кім кімнен және қай кезде ұрлағанын анықтап көрейік.
Пікірді тексерейік: «Рухани жаңғыру» логотипінің дизайны бірегей емес.

Үкім: Шындық

Танымал қазақстандық өнертанушы, сарапшы Валерия Ибраеваның айтуынша модернизация бағдарламасының дизайны ашық плагиат. Ендеше, бәрін рет-ретімен түсіндірейік.

Жыл құстары көп жерді аралайды

Егор Кочетов sports-et-loisirs.fr сайты 2009 жылы қыркүйек айында жариялаған суретке сілтеме бере отырып, бұл лого актер және театр қайраткері Philippe XIBERRAS есімді азамат басқаратын Орел Патмос (L’Aigle De Patmos) компаниясы мен актерлық курстарына тиесілі екенін жазады.
Хабарламада Санари-сюр-Мер қаласындағы актерлік мектепке құрам жинақталып жатқаны туралы айтылады.

Плагиат и Рухани Жангыру

Әуелі Евгения Горобец көпшіліктің назарына ұсынып отырған француздық қыран мен коломендік сұңқарды салыстырып көрейік. Қараңыз, екеуі бір құс (бірақ біз сұңқардың суретін постерден қиып алдық).
Плагиат и Рухани Жангыру«Коломенское» мекеніндегі «Соколиная охота царя Алексея Михайловича» экспозициясының қашан ашылғанын анықтадық. Егер «Эхо Москвы» раиостанциясына сенсек, 2010 жылдың тамыз айында. Оны «Коломенское» музей-мекенінің экскурсиялық-көркем бағдарламалар бөлімінің басшысы Ольга Кучеренкованың сұхбаты дәлелдеп тұр. Әңгімеден түсінгеніміз, экспозиция сол кезде жаңадан ашылған. Ал сұхбат осы оқиғаға көпшіліктің назарын аудару үшін жасалған.
Яғни, коломендік құс француздық құстан кем дегенде он бір айға кіші. Демек, лого қарызға алынған немесе ұрланған.

Кім кімнен?

«Рухани жаңғыру» құсының француздық қыранмен ұқсастығын бір қараған кез келген адам байқайды. Жағдайды танымал өнертанушы, сарапшы Валерия Ибраева түсіндіріп берсін:

Егер қазақстандағы «Рухани жаңғыру» логотипінің авторлары француз театрлық жобасының логотипіндегі қанаттың орналасуын сәл өзгертіп және көкшіл түс қосу арқылы қоғамды жаңғыртып, рухын көтереміз десе қателеседі. Мұндай қасиет арсыз және ашық плагиат арқылы пайда болмайды.

Қанатты дизайнның қай жері дұрыс емес?

Дизайннан еш хабары жоқ адамның өзі гуглдан іздеп, бұл логолардың стилі туралы ақпарат таба алады. Іздеу жүйесіне «Стоковые векторные изображения орла в стиле оригами» деп жазамыз.

Орлы Рухани Жангыру

Мына қыран бізге ерекше ұнап қалды:

Дизайн Рухани Жангыру

Бірақ, болашаққа ұмтылу деген мағынаны ашу үшін біраз толықтырулар, қанатына түрлі түсті қауырсындар керек.
Айтпақшы, қазақстандықтарға «Рухани жаңғыру» логосы бір жыл бұрын таныстырылған:

Рухани

АКМ ресми жауап дайындағанша, біз адамның қиялы бірдей болуы мүмкін деген оймен жұбатамыз. Айтпақшы, мына жерден «Рухани жаңғыру» белгішесін 1500 теңгеге алуыңызға болады. Ал біз өз кезегімізде оқырманмен кез келген нәтижені бөлісеміз деп уәде береміз.

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)