Румыния Ұлттық банкі астрологты жұмысқа алғаны рас па?

Кейінгі күндері пост-советтік интернет кеңістікте “Румыния Ұлттық банкі елдегі танымал астролог маманды жұмысқа алды” деген ақпарат тарап жүр. 50 жылдай астрологиямен айналысқан Минерваның (лақап аты) аяқ асты Ұлттық банкке жұмысқа орналасуы елде біраз дау тудырды. Осы орайда Factcheck.kz ақпараттың анық-қанығына көз жеткізіп көрді.

Румыния Ұлттық банкі астрологты жұмысқа алғаны рас па?

Румыния Ұлттық банкі атақты астролог маманды жұмысқа алды.

Интернет кеңістіктегі ақпарат

Үкім: Манипуляция

Румыния Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы Дэн Сучиудің factcheck.kz-ке берген мәліметіне сай, Габриелла Дима ақпарат құралдарында айтылғандай “астролог” ретінде емес, қарапайым қызметкер позициясында жұмыс істейді. Габриелла Дима Ұлттық банкте астрология бойынша ешқандай болжам жасамайды, әкімшілік қызметпен айналысатын директордың көмекшісі.

Румыния Ұлттық банкі ешқандай да астролог маманды жұмысқа алмады, Сіз сұраған Габриелла Дима есімді азаматша қазіргі уақытта әкімшілік бөлімде менеджер көмекшісі қызметін атқарады.

Дэн Сучиу, РҰБ баспасөз хатшысы

Габриелла Диманың өзі не деді?

Габриелла 28 шілдеде Дамиан Драгичидің подкастында расымен де Румыния Ұлттық банкінде қызмет атқаратынын атап өтті. Жұмысқа орналасқалы бері астрологияны қойғанын, оған рұқсат бермейтінін айтты.

Тайм-код: 1:56

Бұл оқиғаны халық қалай қабылдады?

Осыдан кейін Румыния Ұлттық Банкі әлеуметтік желілерде күлкіге қалды. Біраз оқырман жыл сайын болатын инфляцияны алдын ала болжауға “көріпкелді шақырды” деп сарказммен бағалады. Ал Румыния саясаткері Клаудию Насуи Ұлттық банктің астрологты жұмысқа алғанын келемеждеп, инфляциялық өсімді салыстыра отырып, не үшін астрологты жұмысқа алғанын түсінген шығарсыңдар?! деген сыңайда пост жазды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz