RTVI: “дірілдеген Меркель” оқиғасы тым әсіреленген ақпарат

Германия канцлері Ангела Меркель Украинаның президенті Владимир Зеленскимен кездесу барысында өзін нашар сезінген. Бұл жайлы маусымның 18-і күні Spiegel журналы жазды. Ал ресейлік RTVI басылымы көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының бұл оқиғаға реакциясын талдады және оның күшейтілгенін көрсетті.

Басылым оқиғаға байланысты барлық деректерді сараптап, фейк жаңалықтар мен манипуляция жарияланатын дәстүрлі “ақпараттық дүрбелең” айдарына қосты.

RTVI авторларының пікірінше Меркелдьің “дірілдеуін” тым әсіреленген, Канлцлер есінен танып қалған жоқ, тіпті оған дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ. Германия лидері тез арада өз-өзіне келді. Оған дәлел Меркель бір жарым сағат бойы Зеленскимен келіссөздер жүргізді.  

Украина президентімен кездескеннен соң ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Меркель барлық жағдайды түсіндірді. Меркельдің айтуы бойынша асқазанға су жетпегеннен соң “дірілдей” бастаған, алайда үш стакан судан соң барлығы қалпына келді.

Алайда, Spiegel канцлердің басынан бұл жағдай бірнеше рет өткенін еске салды. Бірнеше жыл бұрын Мексикада Меркель дәл осылай дірілдеген. Ол кезде де ауа-райы Берлиндегідей өте ыстық еді. 

Германия көшбасшысының денсаулығына деген қызығушылық пен ерекше назарды (әсіресе, неміс басылымдары арасында)түсіну оңай. Бірақ Меркельмен болған жағдай уайымдап, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауға себеп жоқ.

Десек те “Меркельдің дірілі” оқиғасы «Яндекс.Новости» платформасының басты тақырыбына айналды. 

Бұл жаңалықты 160-тан астам басылым жариялап үлгерді. Ал кейбір басылымдар жаңалықты “Меркель Зеленскийді көріп дірілдеді” тақырыппен жариялады. Дәл сол сәтте Украина президентінің «оған көмектеспегені» туралы ақпарат та тараған еді. Оқырманға әсер ету үшін Меркельдің дірілін талма ауру, конвульсия және безгек деп атады.

Баспасөз конференциясында Меркель бар жағдайды түсіндіргеніне қарамастан, жаңалық тақырыптары одан сайын түрленіп, этикаға сай емес бола бастады. Кейбір басылымдар дірілдің себебін алкогольді ішімдік деген болжау айтты.„Выпила несколько бутылок“: Меркель рассказала о приступе на встрече с Зеленским» —  «Дни.ру» басылымында жарияланған мақала). Life сайты Меркель “қабілетін” жоғалтауы мүмкін деп жазды.  

Ресей басылымдар еуропалық лидерлердің денсаулығына бірінші рет алаңдап отырған жоқ. 2018 жылдың шілдесінде британдық газеттерден кейін Еуропа Комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер Брюссельде өткен НАТО саммитінде мас болғаны туралы жазды. Саммитте Юнкерді бірнеге адам жетектеп жүрді. Ресми өкілдердің айтуынша, Юнкердің аяғы мен белі ауырғандықтан көмекке мұқтаж болды.

 

Factcheck.kz