Роман Захаров босатылды

Алматылық Роман Захаров аппеляциялық соттың шешімімен босатылды. Кеше өткен сот жайлы Роман Factcheck.kz журналистеріне телефонмен айтып берді.

Роман сұхбатынада «бұл аппеляция еді. Прокуратура бұрынғы шешімін өзгертті. Мені сотқа жеткізді, сот шешімді оқитын  кезде қорғаушыларым болмады, бәрі тез өтіп кетті. Сот қамауға алу жазасының орнына, 5 АЕК айыппұл төлейтінімді айтты» деді.  

Нәтижесінде Захаров әкімшілік қамаудағы адамдарға арнайы қабылдау камерасында 4 сағат отырды.

«Мен әлі ештене білмеймін. Қазір қорғаушыларыммен үкімге аппеляциялық шағым түсіру мәселесін талқылап отырмыз. Себебі, қоқыс лақтырғаным үшін жазалау күлкілі екен. Десе де, мені қоқыс үшін соттамағандары айдан анық. Сондықтан, қорғаушыларыммен ақылдасуым керек. Бұл жоғарыдан келген шешім деп ойлаймын. Сотта менің қорғаушыларым болмады және жылдам өтіп кетті. Бұл олардың  жанжал туғанын қаламайтының және мені 5 тәулікке қамауға шешім шығарғандарына өкінгендерінің белгісі сияқты» дейді баннердің авторы.

Роман Захаров босатылды
Сурет rukh20k9 инстаграм парақшасынан

Сондай-ақ, Роман полицияның «ұстау орнында мінез көрсетті» деген ресми хабарламасына пікір білдірді.  

«Жоқ, мен ешқандай мінез көрсеткен жоқпын. “Бұзақылық” жасауды тоқтатуым үшін, алдымен олардың талаптарын естуім керек. Ешқандай талап келіп түскен жоқ. Оның үстіне, полиция төлқұжатымды сұраған кезде көрсеттім, бірақ оны күшпен тартып алды» деп Роман Захаров  сол күнгі оқиғаға байланысты пікірімен бөлісті.

Роман акцияны қамалған Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековты қолдау мақсатында өткізгенін түсіндірді. Оның іс-әрекетінде саяси астар бар ма деген сұраққа, ол:

Мен Әсияның сотта айтқан сөзімен келісемін. Бізді қоршаған, бізге қатысты нәрсенің бәрінде саясат бар. Кез-келген нәрсені саясат деп айта аламыз. Сондықтан, мұны да саясат дей аламыз. Конституция бұл саясат, біздің құқымыз бұл саясат

Алматы қалалық соты жаңа шешімі жайлы пікір білдірді.

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Диас Махамбетов «Медеу ауданының прокурорының өтініші бойынша бұл іс аппеляциялық сотта қаралды және осыған дейін шығарылған үкімге өзгертулер еңгізуге шешім шығарылды. Аппеляциялық өтініш болмады»  деп хабарлады.

Контекст

Кеше Роман Захаров «Әл-Фараби — Достық» көшелерінің қиылысында Конституциядан үзінді келтірген баннерді ілгені үшін тұтқындалды.

Полиция департаментінің сөзіне сенсек, тұрғындар қағаз бен қоқыс лақтырып, қоғамдық тәртіпті бұзған белгісіз ер адамға шағым түсірген. Захаров аудандық басқармаға жеткізіліп, кейіннен сот алдында жауап берді. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке дейін бас бостандығынан айрылды.

Алматыдағы марафон кезінде Асия Тулесова, Айгүл Нұрболатова, Сүйінбике Сүлейменова және Бейбарыс Толымбеков «От правды не убежишь», «#У меня есть выбор» деген жазулары бар плакаттарды алып шықты. Кейіннен полиция оларды ұстап әкетті. Әкімшілік істер бойынша мамандырылған ауданаралық сот бұл істі түнге дейін қарастырды. Сот әкімшілік құқық бұзушылық коддекстің 488 баптың  3 тармағына сәйкес белсенділер Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке дейін қамауға алды («Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» —ред.).  

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz