Reuters фактчегі | Путин оқ өткізбейтін жилет кие ме?

2022 жылдың мамырында әлеуметтік желіде Ресей президенті Владимир Путиннің костюм киген суреті тарады. Фото сипаттамасында “жақында түсірілген фотодан Путиннің бронды жилет кие бастағанын байқауға болады” деп жазылған. Reuters фактчекерлері ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Биыл 21 мамырда жарияланған туиттер жазбасы 23 000-нан астам лайк жинаған (твиттің мұрағатталған нұсқасы).

Алайда, желіде тараған фотоны ресейлік «Коммерсант» газеті 2017 жылдың 4 тамызында жариялағаны анықталды. Фотоны Глеб Щелкунов Путиннің Байкал көліне сапары кезінде түсірген. Сонымен қатар, сурет 2017 жылдың 4 тамызында осы блогта да жарияланған.

Осылайша, фактчекерлер суреттің бұрын түсірілгенін анықтап, фото “Ресейдің Украинаға басып кіруімен байланысты болуы мүмкін” деген мәлімдемені жоққа шығарды.

Алайда Путин оқ өткізбейтін жилет кие ме, жоқ па белгісіз. Сондықтан Reuters фактчекерлері мәлімдемеге үкім қоймады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz