Ресейлік Rutube сервисіне хакерлер шабуыл жасады

Хакерлер ресейлік Rutube видеохостиңіне 9 мамырға қараған түні шабуыл жасады. Бұл туралы ВВС сайтының орыс қызметі хабарлады.

9 мамырда Rutube баспасөз қызметі компания тарихындағы ең ірі кибершабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Компания сайтты жөндеуге тырысқан, дегенмен хостиң әзірге қолжетімсіз. Компания мәліметінше, “кибершабуыл сақтық көшірмелердің 90%-тен астамына әсер еткен, сондықтан оны қалпына келтіру ұзағырақ уақыт алады”.

Видеохостиң пайымдауынша, “кибершабуыл Rutube-те жүргізілетін жеңіс шеруінің трансляциясын бұзу үшін әдейі 9 мамырға жоспарланған”.

Ресейлік Rutube сервисіне хакерлер шабуыл жасады
rutube.ru сайтынан скриншот

Сол күні Twitter желісінде өзін «IT working for peace in Ukraine» («Украинадағы бейбітшілік үшін қызмет ететін ІТ») деп таныстыратын аккаунт Rutube қолданушылары тіркелген арналар тізімі бар сервис ішкі дерегінің скриншоттарын жариялаған. BBC материалы шыққаннан кейін Anonymous хакерлер тобы Rutube сайтына шабуыл жасағанын мойындаған.

Контекст

  • Соңғы жылдары Ресей соты Google компаниясына миллиардтаған рубль айыппұл салып, ал YouTube соғысқа байланысты бірнеше ресейлік медиа аккаунтын бұғаттады. ҮouTube хостиңіне қарсы шағым көбейгеннен кейін Ресей билігі Rutube-ті қолданысқа енгізуді насихаттаған.
  • Бұған дейін Anonymous хакерлер тобы ресейлік Rossgram сервисіне тіркелген қолданушылардың дерегін жариялаған. Қосымша әлі жасалмаған болса да, оны “алғаш болып жүктеу үшін” жарты миллионнан астам адам тіркеліп қойған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz