Ресейлік азамат вакцина пунктін өртегені үшін шартты түрде сотталды

Абакан қаласының (Хакасия Республикасы, Ресей Федерациясы) тұрғыны уақытша егу пунктін өртегені үшін екі жылға шартты түрде сотталды. Сонымен қатар, жабдықтарға залал келтіргені үшін шамамен 1,2 миллион рубль (шамамен 7 миллион теңге – ред.) төлейді. Бұл туралы Znak.com Абакан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Биыл шілдеде Абакан тұрғыны мас күйінде ресейліктердің уақытша егу пунктін бензин құйып, өртеген.

Өрт салдарынан екі әскери модуль мен жарнама баннері бүлінген. Сот процесінде сотталушы тағылған айыптармен келісіп, сот ісін жүргізбестен үкім шығару туралы өтінішін қолдап, залалды өтеуге келісті.

Znak.com хабарлауынша, шартты түрде сотталушының антиваксер болғаны және мәжбүрлі вакцина егудің зияны жайлы видеоны жиі жариялаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz