Ресейдің көпжақтылыққа көзқарасы қандай?

Ресейліктер “ережеге негізделген тәртіп” дегенді естігенде, олар әдетте: “Бұл ережені кім жазады?” деп сұрайды. Іс жүзінде Батыс қолдап жүрген көпжақтылыққа келгенде де Кремль дәл осы сұрақты қояды.

Ресейдің көзқарасына сәйкес, АҚШ қажет болса біржақты әрекет етуден тайынбайды, әрі әлемдік ережені бұзған да осы екі түрлі стандарт. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров халықаралық жиындарға барған сайын Американың халықаралық құқық ережелерін қасақана бұзғанын жалықпай айтумен келеді. Соның ішінде ол АҚШ-тың 1999 жылы Югославияны бомбалағанын, 2003 жылғы Иракқа шабуылын, 2011 жылы Ливияға әуеден шабуыл жасағанын еске салады. Сол әуе шабуылы Ливиядағы Муаммад Каддафи режимін құлатуға түрткі болды.

Өз әрекеттеріне құқықтық қолдау қажет болса, Америка Құрама Штаттары Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі сияқты көпжақты ұйымдарға қолқа салады. Бірақ оның жоспары Ресей не басқа да вето құқығы бар елдің қарсылығына тап болса, Америка  күш қолданып, одақтастарын жұмылдыру сияқты қарапайым тәсілге жүгінеді.

Сондықтан, Ресей көпжақты ережелерге негізделген тәртіпке қатысты пікірталасты екіжүзділік, не одан да жаманы – БҰҰ Хартиясында бекітілген халықаралық құқықтың рөлін төмендетуге бағытталған астыртын әрі қитұрқы әрекет деп санайды. Қалай болғанда да, өзінің ұлттық мүдделері таразыға түсіп тұр деп санаса, Ресей халықаралық құқық нормаларына қарайын деп тұрған жоқ.

Бұл ұстанымның ең жарқын мысалы – Ресейдің Грузиядан бөлініп кеткен екі аймақты 2008 жылы ресми түрде мойындауы және 2014 жылы Қырымды басып алуы. Ресей басшылығына сенсек, бұл – өзін-өзі “қорғау” шаралары болған. Ресей дипломатының бір кездегі түсіндіруіне қарағанда, АҚШ әлемде халықаралық құқықты бұза алатын болса, онда Ресей тым болмаса, өзі бас тігіп, ресурсын жұмсаған істерде “Американың халықаралық құқықты бұзудағы монополиясын бұза алады” деген қорытындыға келген.

Десе де, Ресей ережеге негізделген көпжақты тәртіптің жойылғанын қаламайды. Ресей президенті Владимир Путин және өзге де ресми басшылар халықаралық құқықты қалпына келтіріп, БҰҰ-ға басым рөл беру керек дегенде олар дәл осы мақсатты көздейді. Оның үстіне, БҰҰ – Ресейдің қалауындағы көпжақты форум. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето құқығына ие тұрақты мүшесі ретінде әрі қаһарлы әскери держава ретінде Ресейдің онда үлкен ықпалы бар.

Кремльдің ойынша, ең басты мәселе – БҰҰ-ға негізделген көпжақты институттар жүйесі Американың үстемдігінің кесірінен дағдарысқа ұшырап отыр. Ресей басшылары әр тараптың, әсіресе АҚШ-тың БҰҰ Хартиясына бағынғанын қатты қалайды. Ол орындалмаса, Ресей әсіре прагматик әрі өзімшіл мақсатты көздейді. Оның қалауы – халықаралық жүйенің ара-арасымен жүріп, көршілеріне ықпал етуге күш салатын ұлы державаға айналу. Кремльдің ойынша, АҚШ, Қытай, Үндістан және Иранның өз шекараларының сыртында істеп жатқаны да – осы.

Дегенмен, БҰҰ арқылы жүретін жаңарған көпжақты ынтымақтастық Ресейді күшейтіп, оның өз тәжірибесін қолдануына мүмкіндік береді. Мәселен, ядролық қаруды таратпау мәселесін алайық. Өзі ядролық держава бола тұра, Ресей Иранмен бірге Бірлескен жан-жақты іс-әрекет жоспарына кіреді. БҰҰ шеңберінде әрекет ете отырып, P5+1 елдері (БҰҰ Тұрақты кеңесінің 5 мүшесі мен Германия) санкциялардың көмегімен Иранды келіссөз үстеліне отырғызды. Соның арқасында олар өзі де БҰҰ-ға негізделген жүйенің бір бөлігі саналатын МАГАТЭ ұйымының тәуелсіз бақылауындағы орындатуға келетін құқықтық шеңбер қалыптастыра алды.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жоспардан шығып кеткен соң Ресей немесе қалған басқа тарап бұл келісімді сақтай ала ма, ол жағы белгісіз. Бірақ қазіргі келісім бізге үлкен сабақ береді: өз мүддесіне қатысты әрі өзінің саяси және дипломатиялық тәжірибесі бар істерде Ресей  маңызды әрі конструктивті рөл ойнай алады.

By the same token, in areas where Russia has neither a direct interest nor significant expertise, it does not invest much effort in multilateral cooperation. The country’s painfully slow accession to the World Trade Organization is a case in point. Because Russia exports mostly commodities, its decision to join the WTO was driven more by the prestige that would come with membership than by more tangible economic considerations. As a result, it took 19 years for Russia actually to join the organization (which it did in 2012).

Тағы бір мысал – климаттың өзгеруі мәселесі. Ресми түрде парниктік газ көлемін азайту бойынша келіссөздер мен заң құрылымдарының мүшесі болғанымен, Ресей табиғаттың өзгеруіне қатысты пікірталасқа белсенді түрде қатысып жатқан жоқ. Кремльдің пікірінше, ғаламдық жылыну Ресейге тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ, сондықтан оған көп уайымдаудың қажеті шамалы.

Халықаралық құқыққа негізделіп, БҰҰ Хартиясының принциптеріне сүйенетін шынайы тәртіп жоқ болғандықтан, Ресейдің түсінігіндегі көпжақтылық XVIII ғасырдағы Еуропадағы “Ұлттар концертіне” ұқсайды. Мұндай тәртіп бойынша, әлемнің таңдаулы державалары жаһандық мәселелерді талқылап, мүдделері тоқайласатын мәселелер бойынша (мысалы, терроризммен күрес, Африка мүйісіндегі қарақшылармен күрес) ортақ шешім қабылдау үшін анда-санда жиналып тұруы керек. Сонымен бірге бұл державалар әрқайсысының ықпал ету аймағын сақтау үшін олардың өз мәселелеріне килкіпеуі тиіс.

Ресейдің әлемдік ірі супердержава болған кезіне қайтып оралуы ешкімді таңқалдырмауы керек. Ал оның мүдделерге негізделген ұстанымы ұзақ мерзім тұрғысынан қаншалық табыс әкелетіні белгісіз.

Бұл мақала – көпжақтылықтың болашағы, көпжақтылықтың ең жақсы үлгілері және көпжақты ынтымақтастыққа аймақтық көзқарас туралы жобаның бір бөлігі. Авторлар Кербер қоры мен Қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясының бірлескен жобасы – Мюнхен жас көшбасшылар бағдарламасының қатысушылары. Материал қыркүйектің 19-ында жарық көреді.

Ресейдің көпжақтылыққа көзқарасы қандай?

Александр Габуев – Карнеги Мәскеу орталығының аға ғылыми қызметкері.

Ресейдің көпжақтылыққа көзқарасы қандай?

Елена Черненко – Мәскеудегі “Коммерсант” баспа үйінің Сыртқы саясат тақырыбы бойынша редакторының орынбасары.

Copyright: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz