Ресейде шетелдік IT компаниялар филиал немесе өкілдік ашуға міндеттеледі

Ресей президенті Владимир Путин шетелдік IT компаниялардың филиалын немесе өкілдігін ашуға міндеттейтін заңға қол қойды. Құжат 1 шілдеде Құқықтық ақпараттың ресми сайтында жарияланды. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кемінде 500 мың пайдаланушысы бар IT компаниялар филиал мен өкілдік ашуға немесе заңды тұлға ретінде тіркелу қажет.

Жаңа заң бойынша, шамамен 20 компания тізімге енген. Олардың арасында Facebook, Instagram, TikTok, Twitter, YouTube, Twitch.tv, WhatsApp, Telegram, Viber, Gmail, Google, Bing.com, Amazon, Digital Ocean, Cloudflare, GoDaddy, Aliexpress.com, Ikea.com, Iherb.com және Wikipedia.org бар.

Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин заң жобасы Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша дайындалғанын айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz