Ресейде Леонид Волков пен Иван Ждановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ресейде оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың жақтасы Леонид Волков пен Иван Ждановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко хабарлады.

Олар Ресейде “экстремистік” және “шетел ұйымы” деп танылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоры (ФБК) мен “Навальный штабтарын” қаржыландыруға қаражат жинауға тырысты деп күдікке ілінді.

Бас тергеу басқармасының тергеу комитетінде Леонид Волков, Иван Жданов және басқа адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі 1-бабының 282.3-бөлігінде (экстремистік ұйымды қаржыландыруға әдейі әрекет жасау және қаржылық қызметтер көрсету) жазылған қылмысты жасады деп күдіктеліп отыр”, – деді Петренко журналистерге.

Interfax дерегінше, Волков пен Жданов Ресейде емес. Олар қазіргі уақытта Литвада. Ал Алексей Навальный «Ив Роше» ісі бойынша Ресей колониясында «жазасын» өтеп жатыр.

Бұған дейін Роскомнадзор оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың сайтына кіруге тыйым салып, ресурсты бұғаттаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz