Ресейде DW, BBC, “Радио Свобода” және “Медуза” бұғатталып жатыр

4 наурызда Ресейде хабар таратуына шектеу қойылған Deutsche Welle (DW) медиакомпаниясы және басқа да медиалар бұғатталып жатыр. Бұл туралы Globalcheck және “ЗаТелеком” Telegram арнасына сілтеп DW сайты хабарлады.

Globalcheck дерегінше, DW сайтына қолжетімділік деңгейі 0%-ке, Радио Свобода сайтына 83%-ке дейін төмендеген.

Бұған қоса Facebook әлеуметтік желісі, “Медуза”, ВВС-дің орыс тіліндегі қызметі кейбір қолданушылар үшін қолжетімсіз болды. Globalcheck мәліметінше, “Медуза” және BBC сайтына кіру деңгейі 17%, ал Facebook – 37%-ті құраған. Сонымен қатар, App Store және Google Play қосымшаларына кіру қиындаған.

Роскомнадзор 1 наурызда Бас прокуратураның талабымен «Дождь» телеарнасының сайтын бұғаттап, «Эхо Москвы» радиосын эфирден алып тастады. Ведомствоның хабарлауынша, телеарна мен радиостанция сайтында “экстремистік әрекетке шақыратын материалдар мен Ресей әскерлерінің Украинадағы әрекеттері жайлы жалған ақпараттар” болған.

Директорлар кеңесі «Эхо Москвы» мен радио сайтына қатысты тоқтату туралы шешім шығарды. Ал «Дождь» арнасы жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен бірге, Роскомнадзор Google-дан «Эхо Москвы» қосымшасын өшіруді талап етті.

Бұдан бөлек, 1 наурызда Роскомнадзор Taiga.info сайтын Украинадағы соғыс туралы материалдары үшін бұғаттады.

Сонымен қатар, “Настоящее время”, “New Times”, “Крым.Реалий” және “Интерфакс-Украина” сайтының орыстілді қызметі бұғатталған. Бұған қоса Бас прокуратураның талабына сай, Украинаның “Гордон”, “Корреспондент” және “Украинская правда” тыйым салынған сайттар тізіміне енді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz