Ресей VPN жүктеу бойынша көшбасшылардың бірі

Шілденің алғашқы үш аптасында Ресейде VPN қызметтері 12 миллионнан астам рет жүктелген. Бұл туралы AppMagic статистикасына сілтеп Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

DW дерегінше, наурыз-шілде айы аралығында Ресей VPN қызметін жүктеу саны бойынша әлемде Үндістаннан кейін екінші орынға көтерілген. Алғашқы бестікке Пәкістан, Индонезия және АҚШ бар.

3 шілдеде AFP агенттігі АҚШ қолдайтын Ашық технологиялар қоры (OTF) ресейліктерге тегін VPN бағдарламаларын ұсынатын америкалық компанияларды қаржыландыратынын хабарлады. OTF бағалауы бойынша Ресейде бірнеше миллион адам Lantern, Psiphon және nthLink VPN желісін пайдаланады.

Контекст

  • Ресей Украинаға басып кіргелі елде VPN қолданушылары күрт өсті. Мемлекеттік Думаның Ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және коммуникациялар комитетінің наурыздағы дерегіне сай, наурыздың ортасына дейін Ресейде 20-ға жуық танымал VPN қызметі бұғатталған.
  • Бұған байланысты Роскомнадзор VPN қызметтерін бұғаттау үшін жұмыс істеп жатқанын растады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz