«Ресей, Иран һәм Солтүстік Корея»: Сарым-Закиева түзетулері туралы сарапшылар пікірі

9 наурызда Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым мен Динара Закиева ұсынған заң жобасына түзетулерді екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді. Депутаттар заң жобасы балаларды кибербуллиңнен қорғауғайтынын айтқанымен, құқық қорғаушылар, сарапшылар мен журналистер бұл заң жобасы цензура мен әлеуметтік желілерді бұғаттауға әкеледі деп алаңдайды. Сонымен қатар, заң жобасына қарсы бір емес, бірнеше петиция да жарияланған. Factcheck.kz бұған дейін Сарым мен Закиеваның мәлімдемелерінде келтірген бірнеше деректерді тексерген еді. Алайда редакцияға заң жобасына қатысты оқырман тарапынан түсініспеушілік пен сауал көп келгендіктен, мәселеге қатысты ең көп тараған сұрақтарды заңгер-сарапшыларға қойдық.

Олар — «Human Rights Consulting Group» қоғамдық қорының директоры Арсен Аубакировпен және цифрлық құқықтар жөніндегі сарапшылар тобының мүшесі Елжан Кабышев.

«Ресей, Иран һәм Солтүстік Корея»: Сарым-Закиева түзетулері туралы сарапшылар пікірі
Арсен Аубакиров пен Елжан Кабышев
Мазмұны

Сарым-Закиева заң жобасы әлеуметтік желіні бақылауды күшейте ме?

Арсен Аубакировтың айтуынша, заң жобасы әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі контентті реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, уәкілетті орган, яғни, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (АҚДМ) халықаралық платформалармен мемлекет өкілі ретінде байланысу мүмкіндігін алады.

Контентті жою туралы бұйрық іске асырылуы мүмкін. Бірақ бұл біржақты процесс, тіпті қайта қарау процедурасын қарастырылмаған, яғни министрлік көрсеткен контент 24 сағат ішінде өшірілуі тиіс. Бұл платформаның заңды өкілі арқылы жасалады. Министрлік тізім жүргізіп отырады, яғни корпорациялар біздің органдармен үнемі байланыста болуы үшін қандай да бір заңды өкілді тағайындайды. Мұндай әрекет кез келген контентке қолданылады.

Арсен Аубакиров

Елжан Кабышевтың айтуынша, бұрын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер тек интернет-ресурс болған, енді заң жобасы оларды интернет-ресурс қатарынан алып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер деген бөлек ұғым пайда болады.

Министрлік әлеуметтік желілерге немесе мессенджерлерге мыңдаған не жүздеген нұсқауларды жібереді делік, бұны бір күн ішінде орындау керек. Әлеуметтік желілер не мессенджерлер бұғатталмас үшін материалды қазақстандық пайдаланушылар үшін автоматты түрде шектеуі ықтимал.

Елжан Кабышев

Кибербуллиңге қатысты контенті жою қоғамға тек пайда әкеліп, балаларды қорғайтын болса мұндай шу не үшін керек? Әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы неге айтып жатырмыз?

Арсен Аубакиров бұл сұраққа былай деп жауап берді: Заңның механизм ретінде кибербуллиңке еш қатысы жоқ. Алайда “кез келген заңбұзушылық” деген жалпы тұжырымдама бар. Біз осыған қарсымыз. Бұл өте ауқымды түсінік және көптеген жылдар бойы қолданылып келеді, соның ішінде саяси қуғын-сүргін, сөз, ой, бостандығы және т.б. бар. Сонымен қатар, экстремистік баптар бар. Біріншіден, заң жобасы негізінен кибербуллиңге қатысы жоқ. Бұл заң жобасының ауқымы өте кең. Заң жобасының толық атауы «Бала құқықтарын қорғау, білім беру және ақпараттандыру туралы» және өзгерістердің көптеген салаларға қатысы бар. Мен заң жобасын толық зерттеген жоқпын және бала құқықтары жөніндегі сарапшы емеспін. Бірақ, біз заң жобасының шағын бөлігіне, яғни, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге қатысты жеке түзетуге назар аудардық. [Депутаттар – авт.] кибербуллиңмен байланысы жоқ болғандықтан заң жобасын қабылдауға мүдделі болып отыр. Кибербуллиң негіз ретінде айтылса да, бұл негіздеме заңда жазылмаған. Нақтырақ айтсақ, тұжырымдар бәрін бұғаттауға мүмкіндік береді. Заң жобасының ауқымы тым кең.

Бұғаттау туралы айтсам, зан жобасында «бұғаттау» термині қолданылмайды. Бірақ мемлекет қазақстандық қолданушылардың «платформаны қолдану құқығын өзі шешетіні» айтылған. Мұнда «әлеуметтік желіні шектеу» сөзі әртүрлі шешімдерді, соның ішінде бұғаттауды да білдіруі мүмкін. Ол бұғаттау да, интернет жылдамдығының төмендету де болуы мүмкін. Заң жобасы “Сарым мен Закиеваныкі” емес. Біз Сарым мен Закиеваның түзетулері жайлы ғана айтып отырмыз. Мұнда авторлар да, депутаттар да, сарапшылар да көп. Алайда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді реттеуге қатысты Сарым мен Закиеваның түзетуі деп айта аламыз.

Елжан Кабышевтың айтуынша, заңда тек кибербуллиңнен қорғайтыны көрсетілмеген. Заңда тек кибербуллиңнен қорғайтыны көрсетілмеген. Яғни, ҚР заңдарында тыйым салынған материалдар немесе заңды күшіне енген сот шешімдері болуы мүмкін. Иә, бізде «балалар үшін зиян ақпарат» негіздемесі бар, бұл – соңғы кездері интернет-контентке тыйым салудың ең танымал негіздерінің бірі. Дегенмен, әлеуметтік желілер не мессенджерлер қазақстандық пайдаланушыларға шектеу керек басқа да құқық бұзушылықтар да бар. Бұл кибербуллиң, терроризм, экстремизм, есірткіні насихаттау, порнографияны тарату және т.б. сияқты басқа да құқық бұзушылықтар ғана емес. Уәкілетті орган басқа да материалдарды әлеуметтік желілерге жіберуі мүмкін деп ойлаймын. Ал платформалар материалды өшіруі керек. Дегенмен, бізде біршама даулы негіздер бар. Мысалы, біздің елде былтыр немесе оның алдындағы жылы тұңғыш президентті қорлайтын материалдар шектелген. Бірақ қандай қорлау болғаны түсініксіз. Яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің бұл бабы да анық емес.

Әлеуметтік желі заңсыз контентпен күреседі, оларда дайын механизм бар. Неліктен мұндай заң жобасы ұсынылып отыр?

Арсен Аубакиров: Негізінде бізде заңнамада бәрі бар. Қылмыстық және әкімшілік кодексте кибербуллиңге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін баптар бар. Яғни, құралдар бар. Платформаның алгоритміне келсек. Неліктен ол алгоритмдер біздің билікке тиімсіз? Себебі бұл жағдайға қатысты ұстаным мен көзқарас екі түрлі. Factcheck.kz сайтында көрсетілгендей, Google негізінен конттенті жою туралы өтініштердің 95%-ын негізсіз деп санайды. Google негізсіз деп санап, контентті өшірмеген. Google тіпті өз есебінде Қазақстан билігінен оппозициялық арнаны жою туралы өтініш келгені туралы көрсетті. Google оны қарады, тексерді және мұның қауымдастық ережелерін бұзбайтындықтан, сәйкесінше өшіруден бас тартты. Әрине, платформа құралдары әлі жетілмегеніне аргументтер бар. Бұл да бөлек мәселе. Түзетулерде ұсынылған пунктер, керісінше, жағдайды ушықтырады. Себебі платформалар өз ережелеріне сәйкес, балағаттайтын, қорқытатын және т.б. контетті алып тастайды. Бірақ платформалар контент авторымен байланысып, оны теріске шығаруға уақыт береді. Иә, платформалар бірден бұғаттай алады, бірақ процедура бар. Егер қолданушы мұндай шешіммен келіспесе, олар біраз уақыт беріп, тіпті контентті бұғаттан шығара алады. Сарым мен Закиева түзетулерінде мұндай процедура қарастырылмаған.

Сарым-Закиева түзетулерінің басқа заңдардан қандай айырмашылығы бар? Сарапшылар, құқық қорғаушылар, журналистер бұл түзетулермен неге күресіп жатыр?

Елжан Кабышев: Мен бұл сұраққа алдыңғы жауабымда қысқаша айтып кеткен едім. Заңнамада «бұғаттау» деген сөз жоқ. «Тоқтату», «шектеу» не «ақпаратты таратуға тыйым салу» деген сөздерді кездестіреміз. Бірақ «бұғаттау» еш жерде көрсетілмеген. Сарым-Закиеваның түзетуінде «24 сағат» дегенге назар аударар ем. Елестетіп көріңізші, Министрлік әлеуметтік желілерге не мессенджерлерге 100 не 1000 өтінім жібереді, платформалар оны орындауы керек. Бұл жай ғана автоматты түрде болатынына сенімдімін. Егер олар заңды талаптарға сай болса, материал қазақстандық пайдаланушылар үшін автоматты түрде шектеледі.

Аубакировтың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істемейтін заңдар бар, платформалар оларды көп жылдар бойы бұзып келеді, мемлекет оларға заңды түрде тосқауыл қоя алады, бірақ оны істемейді. Алайда, платформаның мемлекетке де қажет екенін атап өту керек. Ешкім оларды [желіні – автор] бұғаттағысы келмейді. Бірақ бұл түзетулердің басқа зандардан айырмашылығы неде? Олар [мемлекет – автор], жәй сөзбен айтар болсақ, платформаның ішіндегі контентті бақылағысы келеді. Егер платформадан ұнамайтын нәрсені алып тастай алатын болса, бүкіл платформаны бұғаттаудың қажеті жоқ. Мұнда нақты контентті реттегісі келеді. Мемлекет пропагандаға, ақпараттық науқан жүргізу және т.б. үшін осы платформаларды пайдаланады. Бұл ресурстан ешкім айырылғысы келмейді, өйткені Қазақстанда балама жоқ. Қазақстандық платформалар жасалып, оған көп ақша құйылып жатқанына қарамастан, олар әлі де бұл инвестицияны ақтамайды. Сондықтан қазір халықаралық платформалардан бас тарту — ақымақтық.

«Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңдарда дербес деректерді сақтау үшін локализацияға қатысты талап бар. Google, Meta және барлық корпорациялар Қазақстан тұрғындарының жеке деректеріне қол жеткізе алады және өңдейді. Ал бұл заңға сәйкес олар (корпорациялар – автор) жеке деректерді Қазақстан аумағында сақтау талап етіледі. Яғни, Қазақстанда өңдеу орталығы болу керек, бірақ корпорациялар бұл талапты орындаудан бас тартып отыр.

Егер халықаралық компаниялар АҚДМ талабын орындамаса, заң жобасы әлеуметтік желі мен мессенджерлерді жаппай бұғаттауға мүмкіндік бермей ме?

Қараңыз, жағдай былай. Олар белгілі бір рет контентті жоюды көздеп отыр. Екіншіден, (АҚДМ) бұғаттау құқығына ие. Яғни, [желіні бұғаттайтын – автор] ондай мүмкіндік бар. Жалпы алғанда олар бұғаттап немесе ультиматум қоя алады. “Сіз контентті жойғанша, біз желі жұмысын бұғаттаймыз” деген секілді жағдай болуы мүмкін. Техникалық жағынан қарасақ мұндай мүмкіндік бар. Бұған дейін ондай мүмкіндік болды, бірақ қазір олар осы түзетулерді қосымша қосты. Әрине, қазір негізгі мәселе контентті реттеуге бағытталған. Егер компания талаптарды орындамаса, желі жұмысы шектеледі.

Мысалы желі бұғатталып немесе жұмыс жылдамдығы шектелуі мүмкін. Олар (үкімет) басқа процедураны қарастырып отырған жоқ. Онда (заң жобасында) келіссөз туралы айтылмаған. Олар мәселені тек бір жақты шешуді қалап отыр. Сонымен қатар, олар (АҚДМ) қайтадан ескерту жіберіп, талап етуі мүмкін. Негізі қазір келіссөз жүріп жатыр. Осы нормалар қабылданса келіссөздің қорытындысы деп айтуға болады.

Әзірше, платформалар билік берген ұсыныстарға келісуі мүмкін. Себебі (үкімет – автор) олар асыры пайдаланбайтындығын және бәрі жақсы болатынын айтып жатыр. Әзірше, кейбір платформалар келісті. Бірақ бәрі емес. Меніңше, Google мүлдем келліссөз жүргізіп жатқан жоқ. Мысалы үкімет әрдайым шектеу енгіземіз деп қорқыта берсе де кейбір компаниялар оң және теріс әсерін есептеп қойды. Мұндай жағдайда олар Қазақстаннан кетуі мүмкін. Себебі біздің нарық күресетіндей үлкен емес.  

Арсен Аубакиров

Талқыланған түзетулер әлі қабылданбағандықтан, қолданыстағы заңдармен күресу керек деп ойламайсыз ба?

Заң жобасы қабылдамас бұрын талқылануы тиіс. Егер біреуге бір нәрсе ұнамаса, сол уақытта айту керек. Егер заң қабылданса, заң күшін жою мүмкіндігі жоқ. Себебі бізде заңдардың күшін жою өте қиын және мұндай кезде механизм қалай болатыны түсініксіз. Азаматтық қоғам мұны істей алмайды. Яғни, қазір бірнеше заңдар бар, олар қалай айтылса да, қалай жасалса да, олар бәрібір жұмыс істейді. Мысалы, “уақытша тіркеу туралы”, “ҮЕҰ мен діни бірлестіктерді тіркеу туралы” заңдарды айтуға болады. Бұл ондаған жылдарға созылуы мүмкін және ешкім бұл процедураны бастамайды. Қолданыстағы заңмен күресу мүмкін емес.

Арсен Аубакиров

Біз қазір берілген уақыттың аз екенін білдіріп, осындай әрекет жасап жатырмыз. Егер бір тәулікте материалды өшіру керек болса, оларды деңгей бойынша бөлу керек еді. Мысалы аса қауіпті жағдайға қызыл деңгей, қызғылт сары болса – аса қауіпті емес деп немесе қауіпті ғана болса жасылмен белгілеу дұрыс болар еді. Себебі әлеуметтік желіге үкіметпен жұмыс жасау үшін біраз жайт түсінікту болу керек. Материалдарды бір күнде өшіруді талап ету —  дұрыс қабылданбаған шешім. Сондықтан да, белгілі бір деңгейде дұрыс уақыт беріліп, қауіп деңгейін бөлу қажет.

Елжан Кабышев

Қазір қазақстандық желілерді қазақстандық YouTube сериалдарда жиі жарнамаланып жатыр. Бұдан бөлек, Ресейде желілер бұғатталып, цензураны күшейді. Сіздің ойыңызша, мұндай заң жобасы біраздан бері жоспарланған ба? Шартты түрде айтсақ, Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғатталса, Қазақстан билігі бақылайтын желілерді пайдалану үшін жасалған қадам деп айта аламыз ба?

Сұрақ қастандық теориясы секілді. Үкіметке Қазақстанда орналасқан желімен контентке қатысты өзінің саясатын жүргізген ыңғайлы. Заң жобасын шамамен 2 жылдай қарастырғасын жылдар бойы жоспарлады деп айта алмаймын. Қазіргі уақытта әлеуметік желілер біраз күшке ие. Тіпті бұқаралық ақпарат құралдарынан да артық әсер етіп жатыр. Бәлкім бұл әдейі жасалды немесе олай емес те шығар. Бірақ үкіметке кейбір материалдарға шектеу қою үшін танымал әлеуметтік желілермен байланысқа шығып, жұмыс жасау керек болды.

Елжан Кабышев

Мұндай ой бұрыннан бар екенін айту керек. Шамамен 10 жыл болған шығар. Осы уақыт аралығында парламентте осы секілді түзетулер болған. Бірақ үкімет мұндай қадамнан өздері бастартқан болатын. Мұндағы ең басты мәселе платформалардың кері байланысқа шықпауы еді. Мұндай жағдайда заң жұмыс істемейтін еді. Ал бұғаттау мүмкіндігі оларда [үкімет – автор] бұрыннан бар. Олар Ресей мен Қытай сияқты контентті басқаруға тырысуда. Бірақ Қазақстан нарығы әлсіз болғандықтан платформаға әсер ете алмады. Microsoft кері байланысқа шыққан соң олар барлығымен байланыса бастады. Қазіргі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін Даурен Абаев басқарып тұрған тұста, министрліктен корпорацияларға қорқытып, хаттар жіберген. Ал қазіргі уақытта платформалар жиі байланыса бастады және коммуникация алаңы пайда болды. Тіпті Орталық Азиядағы азаматтық қоғаммен де. Бұл өте қызықты жағдай. Осының әсерінен осы мәселе көтерілді. Қазір олар тәуекелге бел буды. Ресейде де осыған ұқсас жағдай.

Арсен Аубакиров

Қазақстанның Иран, Ресей, Солтүстік Кореяның ізінен ергені жиі айтыла бастады. Осы жөнінде не айтар едіңіз?

Арсен Аубакиров: Мен неліктен Қытай мен Ресейдің ізімен бара жатқанымыз туралы айттым? Себебі Ресей де, Қытай да бастапқыда қазіргі деңгейдегі жағдайға түскісі келмеген. Олар басында белгілі бір контентті реттеп отыруды көздеді. Қытай Google сияқты корпорациялар елдің ішінде жұмыс істегенін қалап, ұзақ келіссөз жүргізді. Бірақ Қытайдың өзінің талаптары болды: Google Қытай заңдары мен ережелеріне бағынып, жұмыс істеу керек болған. Бірақ Қытайдағы реттеу жайлы айтсақ, жеке ақпаратты жасыру мүмкін емес. Ресейде де дәл осылай контентті реттеуді қалады. Нәтижесінде, соңғы жылдары орын алған жағдай олардың тек оқшаулануына емес, әлеуметтік желілердің өздері ол елден кетуіне әкелді.

Factcheck.kz