Ресей БҰҰ Адам құқығы кеңесінен шығарылды

7 сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді Адам құқығы кеңесіненен шығару туралы шешім қабылдады.

93 мемлекет Ресейді кеңестен шығаруды қолдады. Ал 24 ел, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Иран, Қытай қарсы дауыс берсе, 58 ел дауыс беруден қалыс қалған.

Ресейдің БҰҰ Адам құқығы кеңесінен шығарылуына Украинаның Буча қаласындағы адам құқықтарының бұзылуы себеп болған.

БҰҰ Бучадағы жағдайға байланысты тәуелсіз тергеуге шақырды. Мәскеу Бучадағы бейбіт азаматтарды өлтірді деген айыпты жоққа шығарып келеді. Алайда, әлемдік қауымдастық бұл қылмысты жасаған Ресей әскері екенін айтып жатыр.

Контекст

  • Бұған дейін The New York Times (NYT) газеті Украинадағы Буча қаласының видеолары мен спутниктен түсірілген суреттерді зерттеп, қала көшелеріндегі бейбіт тұрғындардың мәйіті наурыздың ортасында, яғни, Ресей әскері Украинадан кетпес бұрын пайда болды деген қорытындыға келген.
  • Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей Украина жерінде әскери қылмыс және геноцид жасады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz