Ресей арнасы қайтыс болған актрисадан Доренконың өлімі жайлы сұхбат алды

«Звезда» арнасы КСРО-халық әртісі Елена Образцовадан Сергей Доренконың өлімі жайлы сұхбат алды. Сұхбатқа сенсек ол журналистің болмаған жерлеу рәсіміне қатысып, баспасөз қызметіне сұхбат берген. Алайда «Дождь» арнасының хабарлауынша Елена Образцова 2015 жылдың 12 қаңтарында қайтыс болған. 

Мамырдың 12-сі телеарна сайтында «Образцова рассказала, на какие компромиссы шел Доренко в своей работе» деген мақала шықты. Мақалада Доренко ешқашан ешкіммен ымыра келмейтінін және қызметтік бабында тек шындықты басшылыққа алғанын айтты. Образцова «сөз соңын» «Доренкоға мың тағзым» деп аяқтады.  

Ресей арнасы қайтыс болған актрисадан Доренконың өлімі жайлы сұхбат алды
“Дождь” арнасының іздеу жүйесіндегі скриншоты 

Қазіргі уақытта «Звезда» сайтында бұл ақпарат өшірілді. Оны «Гугл» және «Яндекс» қызметтерінің кэш бөлімінен де өшіріп тастағанымен, «Яндекс» іздеу қызметінде сақталып тұр. 

Ресей журналисі Сергей Доренко мамырдың 9-ы Мәскеуде қайтыс болды. Ол мотоцикл айдап келе жатқанда денсаулығы кенеттен нашарлаған. Доренко Керчь қаласынд 1959 жылы туылды. Соңғы жылдары «Говорит Москва» радиостанциясының бас редактор қызметін атқарды. 

Factcheck.kz