ProTenge: “Қазақтелеком” жарнамаға 300 млн теңге жұмсамақ

“Қазақтелеком” түрлі сервис пен сайтта компанияны жарнамалау үшін 300 миллион теңгеден астам қаражатты игеретін мердігер іздеп жатыр. Бұл туралы ProTenge-нің Telegram арнасында хабарланды.

Компания Google іздеу жүйесінде жарнама орналастыру үшін — 30 миллион, Яндексте — 20 миллион, Facebook пен Instagram желісінде — 30 миллион, Tik-Tok-та — 30 миллион және LinkedIn, Spotify, VK сайттарында жарнама беру үшін бірнеше миллион бөлген.

Сонымен қатар, сипаттамада «Қазақтелекомның» жарнама нәтижесі бойынша қанша қаралым жинағысы келетіні туралы жазылған.

ProTenge «Қазақтелекомның» “монополист, әрі бәсекелесі жоқ екенін екенін ескеріп, “жарнамаға мұндай қаржы бөлуін күмәнді” деп санайды.

“Қазақтелеком” ProTenge журналистерінің ақпараттық сауалына қаражатты расымен “жарнамаға жұмсаймыз” деп жауап берген. Сонымен бірге, компанияның “брендті танытуға” жұмыс істеп жатқанын жазған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz