ПРЕЗИДЕНТ vs БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңалықтар арналарын “халық жауына” теңеді. Бразилия президенті Жаир Больсонаро болса журналистерді “шіріген” және “аморальді” деп атады және оларды өзіне қарсы “сенсациялық шабуылдарды” дайындады деп айыптады. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор (АМЛО ретінде белгілі) оларды “ешкім еместер, консерваторлар, бәрін білгіштер, екіжүзділер”, сондай-ақ “fifí” (өркөкірек, алдамшы) және “chayoteros” (парақор дегенді білдіретін термин) деп атады.

Популист көшбасшылары өз идеяларын таратуға мүмкіндік беретін бұқаралық ақпарат құралдарын жақсы көреді. Бірақ олар күрделі сұрақтар қойып, оларды жауапкершілікке тартуға ұмтылатын журналистиканы жек көреді. Сондықтан біз оны қорғауымыз керек.

Трамп, Больсонаро және АМЛО сияқты –  өздерінің кейбір айырмашылықтарына қарамастан, ұлттық көзқарастары, популистік тактикасы және антидемократиялық бейімділіктері ұқсас президенттер – тек риторикалық шабуылдармен шектелуі екіталай. Трамп әкімшілігі баспасөз өкілдерін Ақ Үйге кіруін күрт қысқартты. Сондай-ақ, ол көптеген журналистердің баспасөз саласындағы өкілеттілігін осындай қате немесе күлкілі дәлелдер негізінде жойған немесе тоқтатқандықтан, сот оларды қайта қалпына келтіруге үкім шығарды.

Енді Трамп дәстүрмен ұштаспайтын тағы бір зұлымдық жасады. Financial Times-тен New York Post-ке дейінгі түрлі журналдар мен газеттердің көшірмелері бұрыннан Ақ Үйге күнделікті жеткізіледі. Бұл демократия жағдайында жұмыс істеудің стандартты рәсімі: билік орталықтары барлық жайттан жақсы хабардар болуы тиіс, ал бұл редакциялық желісіне қарамастан БАҚ-тың барлық түрлеріне жазылу керектігін білдіреді.

Дегенмен,Трамп, қазан айында өзі келте ойлайды және әділ емес деп жиі айыптайтын – The Washington Post пен The New York Times екеуін де – енді Ақ Үйге жеткізілмейді деп шешім шығарды. Ол осы мәлімдемесін хабарлаған Fox News-ке берген сұхбатында “олар жалған”, – деп мәлімдеді. Трамп әкімшілігі басқа да федералды агенттіктерді осы газеттердің жазылымынан бас тартуға шақырады.

Андрес Канисалес,
Венесуэла саясаттанушы және Андрес Белло Католик университетінің (UCAB) зерттеушісі  , Венесуэлада деректерді тексеру бойынша алғашқы ұйым Cotejo.infoның негізін қалаушы

Трамптың шешімінен кейін бір аптадан соң Болсанаро Бразилияның ең беделді газеттерінің бірі Folha de São Paulo (ФольядеСанПаулу)-ға барлық үкіметтік жазылымдарды алып тастай отырып, оның (Трамп) мысалын қайталады. “Мен Folha de São Paulo туралы ештеңе білгім келмейді, – деп мәлімдеді Больсонаро, себебі бұл газетті оқу “менің үкіметімді улайды” деп қорытындылады. Кеңесшілерім кез келген уақытта газет дүңгіршектеріне барып олардың баспасын сатып ала алады –  “олар мені цензураға айыптамайды деп үміттенемін”, – бірақ оған ешқандай мемлекеттік қаражат жұмсалмайды деп қоса кетті. “Және,  Folha de São Paulo (ФольядеСанПаулу)-дажарнамалайтындардың құлақтарына алтын сырға ” деп қорқыта қорытындылады.

Сонымен қатар, Мексикада AMLO Reforma (Реформа) сияқты үкіметті сынайтын газеттерге бағыттай отырып, Үкіметтің бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамасына арналған бюджетін  қысқартты. АМЛО Reforma (Реформа)-ға  қарсы  ол алдыңғы әкімшіліктерді қолдайды және құпия мүдделерге жұмыс істейді деп негізсіз айыптауларды алға тартты. Бұл қадамның салдары әсіресе Мексикада маңызды, себебі ондағы бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік жарнамаға жиі тәуелді.

Мексика сондай-ақ журналистер үшін әлемнің ең қауіпті елдерінің қатарына кіреді. Және бұл оларды қарсыластар ретінде қарастыратын  Президент бар кезде қауіпсіз болуы екіталай.

Мемлекетті өздерінің көңілдерінен шықпайтын редакциялық желісі үшін белгілі бір бұқаралық ақпарат құралдарын жазалауға пайдалану-бұл диктаторлардың ісі. Газеттерге жазылуды, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаларды және журналистердің құзіретін баспа, пікір мен ақпарат білдіру еркіндігіне қарсы қаруға айналдыру, сөзсіз демократияға елеулі қауіп төндіреді.

Мысалы, Венесуэланы 14 жыл бойы басқарған Уго Чавес баспасөзге тоқтаусыз шабуыл жасап, оған деген сенімді бұзып, оларды халықтың жауы кейпінде көрсетуге тырысты. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары үшін өшпенді орта құру және оқиғаларға қатысты өз нұсқасын алға жылжыта отырып, ол “коммуникациялық гегемонияға” қол жеткізді.

Чавестің мұрагері Николас Мадуро сол сценарийді жалғастырды. Соңғы жылдары 50-ден астам газеттер баспа басылымдарын шығаруды тоқтатты, олардың жарияланымдарының жиілігін төмендетті (күнделіктіден апталыққа дейін) немесе сыртқы сауда басқармалары газет қағазының импортын бұғаттауы белгілі бір деңгейде беттер мен тираждардың санын күрт қысқартты. Бұған үкіметтің тікелей қысымын (мысалы, сот талап-арыздарын) және экономикалық коллапсты (гиперинфляцияны қоса алғанда) қосатын болсақ Венесуэла еркін БАҚы толық дерлік жойылды дегенді білдіреді.

Венесуэла Чавес пен Мадуро кезінде апатты экономикалық саясаттан, ауқымды сыбайлас жемқорлық пен кең таралған трайболизмнен зардап шеккендігі кездейсоқтық емес. Бүгінде Венесуэла – үкіметтің саяси қарсыластары ұсталынып, наразылық білдірушілер қатал қуғын-сүргінге ұшырайтын толық диктатураға айналды.

Венесуэла осылайша, Трамп , Больсонаро, АМЛО сияқтылардың БАҚ-на жасалған  шабуылдарына неліктен шындап көңіл аударылуы тиіс екендігінің көрнекі сабағы болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы, нысанаға алынғаны болсын мақұлданғаны болсын,  ұлттық және халықаралық соттарға сот тыйымдарына қол жеткізу  арқылы наразылық білдіріп қарсы күресуі тиіс. Журналистер мен ғылыми қауымдастықтар сияқты басқа да топтар жергілікті деңгейде азаматтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыра алады.

Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) да тек өз қарсылықтарын білдіріп ғана емес, сонымен қатар БАҚ бостандығы туралы мәліметтерді жинап және оларды жариялай отырып та көмектесе алады. Азаматтық қоғам да бұқаралық ақпарат құралдарын толық қорғауға өз үлесін қосуы тиіс, ал азаматтар бұқаралық ақпарат құралдарымен және олардың қорғаушыларымен бірлескен бастамаларға ат салысуы тиіс.

Еркін баспасөз жауы – демократияның жауы. Біз олар бізге ескертпеді деп айта алмаймыз.

ПРЕЗИДЕНТ vs БАҚ

Андрес Канисалес, Венесуэла саясаттанушы және Андрес Белло Католик университетінің (UCAB) зерттеушісі  , Венесуэлада деректерді тексеру бойынша алғашқы ұйым Cotejo.infoның негізін қалаушы
Twitter: @ infocracia

Авторлыққұқық: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org 

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz