Польша халқы баспасөз еркіндігін талап етіп, митиңге шықты

19 желтоқсанда Польшада мыңдаған адам президент сарайының маңына жиналып, сөз бостандығын шектейтін заңға вето қоюды талап етті. Бұл туралы «Голос Америки» сайты хабарлады.

Наразылық акциясы 100-ден астам қалада өтті. Халық оппозициялық TVN телеарнасын қорғау мақсатында көшеге шыққан. Варшавада өткен митиң кешкі сағат жетіде басталған. Олар баспасөз еркіндігіне тиіспеуді ұрандатты.

Жұма күні парламентте талқыланған заң шетелдік БАҚ-ты иелену ережесін қатаңдатты. Бұл заң қабылданса америкалық Discovery медиа компаниясына тиесілі TVN24 арнасының жұмысына кері әсер етуі мүмкін.

БАҚ хабарлауынша, телеарнаны қолдау мақсатында бір жарым миллионнан астам адам петицияға қол қойған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz