Польша, Швеция, Норвегия ДДСҰ-ны сотқа берді | Рас па?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, әсіресе WhatsApp пен Instagram-да Польша, Швеция және Норвегия ДДСҰ-ны Еуропаға коронавирус таратқаны үшін сотқа беріп жатыр деген ақпарат белсенді таралуда. Біз Instagram-дағы оқырмандардың сұрауы бойынша хабарламаны тексердік. Контентті бөлісушілер ішіінде жалған ақпаратты бірнеше рет таратқан ММА файтері Қуат Хамитов та бар.

Хабарлама: (грамматика сақталған): Польша, Швеция және Норвегия ДДСҰ-ны Еуропаға коронавирус жұқтырғаны [таратқаны – ред.] үшін сотқа берді. Ұсталған ұшқыштар химиялық пневманияны қоздыратын зат шашқанын мойындады.

Үкім: Фейк

Польша, Швеция, Норвегия үкіметтерінің ресми сайттарында және ДДСҰ порталында сот ісі туралы ақпарат жоқ. Мұндай ақпарат медиалардан да табылмады. Хабарламаның өзі – біз бұрын егжей-тегжейлі талдаған вирус шашатын ұшақтар жайлы қастандық теориясының тағы бір бөлігі.

Хабарламада дереккөздерге сілтемелер, ұшқыштар және / немесе химиялық заттар туралы ақпарат жоқ, ал комментаторлардың сілтеме сұрауларына пост авторлары жеті жыл бұрынғы жалған мақалаларға және YouTube-тегі ескі қастандық видеоларына сілтеме жібереді.

Бұған қарамастан, біздің әріптестеріміз атап өткендей, ДДСҰ-ға қарсы пандемиямен байланысты сот ісі бар. Оны АҚШ-тың бірнеше тұрғыны ДДСҰ-ны әлемдік қоғамдастықты COVID-19 және оның медициналық-экономикалық зардаптары туралы қасақана жаңылыстырды деп айыптаған. Бұл сот ісі 2020 жылдың сәуір айында басталған.

Тарап жатқан скриншоттағы канал көбіне жалған ақпарат жариялайтынын атап өткен жөн. Біз бұған дейін каналдағы кейбір хабарламаларды, мысалы, вакцина арқылы халықты чиптеу туралы немесе «қайтыс болған» медбике туралы жазғанбыз.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

проектный менеджер Международного центра журналистики MediaNet, феллоу Международной правозащитной организации Access Now, автор в Factcheck.kz, исследовательница гендерных вопросов, цифровых прав, медиаграмотности и борьбы с дезинформацией.

Factcheck.kz