Полиция Алматы марафонында ұсталғандар жайлы пікір білдірді

Полиция Алматыда өткен марафон кезінде ұсталғандар жайлы пікір білдірді. Ресми ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бүгін таңертең жариялады.

Тәртіп сақшылар Асия Тулесова, Бейбарыс Толымбековпен қоса бірнеше адамды қамау себебінің өз нұсқасын ұсынды.  

Баспасөз қызметі жариялаған хатта «әрбір келісілмеген әрекет халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Әл Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында бірнеше адам «От правды не убежишь», #У меня есть выбор, #ADILSAILAYUSHIN деген жазуы бар плакатпен тұрды. Олармен суретке түскісі келген адамдар жолға шығып кетті. Осылайша марафонға қатысушыларға кедергі келтіре бастады. Адамдар бір-бірін итеріп, жарақаттануы мүмкін. Оның үстіне, құқық бұзушылар марафонға қатысушыларды сыйламайтыны көрінді» деп айтылған.

«Белсенділер полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетті тоқтату өтінішін орындамады. Өздері жайлы жеке мәліметті бермеді. Сол себепті жастардың жеке басын анықтау үшін Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді» дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Полицияның айтуы бойынша 2013 жылы Бостондағы марафонда болған террактіден соң департамент қоғамдық тәртіпті күшейтілген нұсқада қорғауды және қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді қолға алды.

Бүгін елордалық журналистерге Алматыдағы оқиғаға байланысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та пікірін білдірді. Министрдің сөзін Vlast.kz сайты жариялады.  

Тұрғымбаев «сайлаудың не қатысы бар? Спорттық іс-шара өткізілді. Шара алдын ала ұйымдастырылды, афишалар ілінді. Марафонға 17 мың адам қатысты. Осы сәтте екі адам плакаттарын ашып, шараның өткізілуіне кедергі келтіреді. Бұл заң бұзушылық емес пе? Бұл заң бұзушылық! Сондықтан олар ұсталып, сотқа жеткізілді және оларға әкімшілік кодекстің 488 бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылды» деп мәлімдеді.  

Кеше таңертең Алматыдағы марафон кезінде Асия Тулесова, Айгүл Нұрболатова, Сүйінбике Сүлейменова және Бейбарыс Толымбеков «От правды не убежишь», «#У меня есть выбор» деген жазулары бар плакаттарды алып шықты. Кейіннен полиция оларды ұстап әкетті.

Әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот бұл істі түнге дейін қарастырды. Сот әкімшілік құқық бұзушылық кодекс бойынша 488 баптың 3 тармағына сәйкес белсенділер Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке дейін қамауға алды («Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» —ред.).

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz