Peppa Pig балаларға қауіпті ме?

17 қазанда Tengrinews.kz сайтында танымал “Торай Пеппа” (Peppa Pig) мультфильмі балаларға қауіпті деп танылғаны жайлы ақпарат жарияланды. Материалда бала тәрбиесі бойынша кеңесші София Гайлс сөзіне сілтеме жасалған. Factcheck.kz бұл ақпарат туралы толықтай тексерді.

Танымал мультфильм (Торай Пеппа, Peppa Pig) балаларға қауіпті деп танылды.

Tengrinews.kz материалының тақырыбы

Үкім: Манипуляция

Медиадағы материалдарда кликбейт тақырып қойылып, ақпарат бұрмаланған. The Sun сайтына София Гайлс (Sophie Giles) “Peppa Pig” мультфильмінің қауіпті деп емес, жаман мінез-құлыққа итермелейтін балаларға арналған 5 телешоу жайлы айтқан. Оның арасында “Торай Пеппа” да бар.

Қазіргі уақытта Торай Пеппа мультфильмі жайлы сенімсіз әрі тексерілмеген ақпарат кеңінен тарап жатыр. Мысалы 2016-2017 жылдары бұл мультфильмнің балаларда аутизм тудыруы мүмкін деген жаңалық шыққан. Желідегі жазбада Пеппаның “ұқыпсыз, өзін дұрыс ұстамай, басқалардың пікіріне қарамастан қалағанын істеп, шыдамсыз, тәкаппар әрі мақтаншақ болғасын кішкентай көрермендер арасында аутизм тудыратыны” айтылған.

Сонымен қатар, зерттеу жұмысын жасаған адамның есімі де аталған — Марк Вильдемберг. Бірақ, Provereno.media сайтындағы әріптестеріміз, Вильдембергтің зерттеуін, тіпті мұндай адам туралы мүлдем дерек таппаған және ақпараттың фейк екенін жазған.

Сонымен қатар, “қауіпті” мультфильмді YouTube-тің балаларға арналған Youtube Kids қосымшасында көрсетілмейтінін ұмытпайық.

Контекст

  • BBC сайты 2017 жылы YouTube платформасында жалған, яғни, оригинал емес Торай Пеппа жайлы мультфильмдер кеңінен тарағанын анықтаған. Бұған қоса кейбір жағдайда мультфильмге пародия жасайтын, тіпті заңсыз авторлық құқық бұзылған жайттарды тапқан.
  • Кейін YouTube компаниясы ата-аналарға ұялы телефон мен планшетке арналған YouTube Kids қосымшасын пайдалануды, сонымер қатар, «шектеу қойылған режимді» қосуды ұсынды.
  • Қазіргі уақытта Торай Пеппа мультфильмі Қытайдың Douyin видео платформасында бұғатталған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz