Өзбекстанның Қазақстаннан озғаны рас па?

Бірнеше күн бұрын ZTB Qazaqstan желілік медиасы Украина.ру ресурсында жарияланған танымал қазақстандық экономист Айдархан Құсайыновтың сұхбатына сілтеме жасап мәлімдеме жариялады. Оның айтуынша, алдағы уақытта Өзбекстан экономикалық даму тұрғысынан Қазақстанды басып озуы мүмкін. Сарапшының пікірінше, кейінгі 12 жылда көршіміз жылдам дамып жатыр және ұзақмерзімді трендтер тұрғысынан Өзбекстан Қазақстанды өсу қарқыны бойынша қуып жеткен: «Және қазіргі уақытта олардың жылдамдықты көбейтуге мүмкіндігі бар, ал Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ…». Деректерді тексереміз.

Мәлімдеме:  Өзбекстан кейінгі 12 жылда Қазақстанға қарағанда жылдам дамып келеді. Ұзақмерзімді трендтер тұрғысынан Өзбекстан, өкінішке қарай, өсу қарқыны бойынша Қазақстанды қуып жетті.

Айдархан Құсайынов

Үкім: Шындық

Шынында, 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Өзбекстан Қазақстанды ЖІӨ бойынша да, индустриалдық даму және өңдеуші өнеркәсіптің дамуы бойынша да басып озып келді.

Әзірге экономикалық даму динамикасының ең дәл (және жалпы қабылданған) көрсеткіші – ЖІӨ-нің дамуы, сол себепті осы көрсеткіштен бастаймыз.

Өзбекстанның Қазақстаннан озғаны рас па?
Дүниежүзілік банк деректері. Көріп отырғанымыздай, пандемия басталған 2019 жылға дейінгі Қазақстан мен Өзбекстанның ЖІӨ көрсеткіштері 4,5% және 5,56% болған.

Айта кетсек, Қазақстанда былтыр ЖІӨ өсімі теріс болды — минус 2,6%, ал Өзбекстанда көрсеткіш 0,7%-ға артты.

Құсайынов сұхбат барысында Қазақстан экономикасына сапалы құрылымдық өзгерістер қажет екенін, оларсыз стагнация болуы мүмкін екенін айтқан. Спикер айтып өткен «ұзақмерзімді трендтерді» алайық. Болжамымыз бойынша, бұл – жалпы индустриалдық даму көрсеткіші, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп көрсеткішіне қатысты трендтер.

Өңдеуші өнеркәсіп

Өзбекстанның Қазақстаннан озғаны рас па?
2009 жылдан 2019 жылға дейінгі Қазақстан мен Өзбекстандағы өңдеуші өнеркәсіп динамикасы, % түрінде. Дереккөз: Дүниежүзілік банк

2020 жылғы өңдеуші өнеркәсіп динамикасы

Өзбекстан:

Өзбекстанның Қазақстаннан озғаны рас па?
2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы Өзбекстандағы өңдеуші өнеркәсіп өсімі, % түрінде. Дереккөз.

Қазақстан:

Өзбекстанның Қазақстаннан озғаны рас па?
Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп өсімі: 2020 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығы. Дереккөз.

Өңдеуші өнеркәсіп

Өзбекстан мен Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқынын салыстырайық:

Өзбекстанның Қазақстаннан озғаны рас па?
Дереккөз: Дүниежүзілік банк.

Көріп отырғанымыздай, ұзақмерзімді ретроспектива тұрғысынан, 2011 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны бойынша Өзбекстан Қазақстаннан алда болды. 2020 жылы Өзбекстанның өңдеуші өнеркәсібі өндіріс көлемін 7,1%-ға арттырды. Қазақстанда осы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп көлемі 3,9%-ға өсті.

Дегенмен, айта кеткен жөн, әзірге өңдеуші өнеркәсіп көлемі бойынша біз алда келе жатырмыз. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп құны 80,169 млрд АҚШ долларын құраған, ал Өзбекстанда бұл сома – 21,527 млрд АҚШ доллары болды.

Анықтама үшін: Халықаралық Валюта Қорының болжамы бойынша, ЖІӨ-нің өсу қарқыны бойынша Қазақстан алдағы уақытта да Өзбекстанға жол береді.

Қорытынды:

  • Шынында ретроспективада 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін экономиканың дамуы бойынша Өзбекстан Қазақстаннан айтарлықтай алда келеді. Бұл арада қарқын мен абсолютті сандарды шатастырмаған жөн.
  • Екі елдегі өңдеуші өнеркәсіп динамикасы туралы да осыны айтуға болады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz