Ослода ЛГБТК+ өкілдерін қолдау шеруі өтті

Ослода ЛГБТК+ қауымдастығына қолдау көрсету мақсатындағы шеру өтті. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

25 маусымда Норвегия астанасындағы гей-клубқа жасалған шабуылдан кейін дәстүрлі түрде өтетін Oslo Pride гей-шеруі өтпейтін болды. Алайда 10 қыркүйекте оның орнына ЛГБТК+ өкілдерін қолдау мақсатында шеру ұйымдастырылды. Қатысушылар Ослоның аудан орталығынан маусымда шабуыл жасалған гей-барға дейін жүріп өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға 60 мыңға жуық адам қатысқан. Олардың қатарында Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере де бар.

Біз көшелерді қайтарып жатырмыз. Бұл — маусымға жоспарланған шеру емес, бірақ адамдардың құндылықтарын білдіре алуы үшін маңызды мереке.

Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере

Айта кетейік, 25 маусымда Ослода өтуге тиіс дәстүрлі гей-парады London Pub гей-клубындағы шабуылдан кейін өтпейтін болды. Атыс салдарынан екі адам қаза тапты, 21 адам жараланды.

Factcheck.kz