Orda.kz сайтына шабуыл жасалды

21 шілдеде кешкі 18:00 шамасында Orda.kz сайтына DDos шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта сайт жұмыс істемейді. Бұл туралы Orda.kz сайтының телеграм арнасында хабарланды.

Бізге кеше кешкі 18:00-19:00-ден бастап шабуыл жасап жатыр. Сайт DDos шабуыл салдарынан бұзылды…Сондықтан сайтта ақпараттар жаңарған жоқ. Поштаны да бұзды. Енді поштамыз арқылы мыңдаған басқа сайтқа тіркеліп жатыр. Қазіргі уақытта Orda.kz сайтының желідегі парақшаларында провокацияға толы ақпарат жариялану қауіпі бар. Кейінгі алты айда бізге үш рет шабуыл жасалды. Бірақ олар қазіргі болып жатқан шабуылмен салыстыруға келмейді.

Orda.kz хабарламасы.

Orda.kz телеграм арнасындағы хабарламаға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық қауіпсіздік бөлімі Orda.kz редакциясына хабарласып, 21 шілдеде кешкі уақытта DDos шабуыл тіркелгенін растаған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz