Өнер бірлестіктері нейрожеліге қарсы

Кейбір өнер қауымдастығы нейрон желісі арқылы жасалған өнер туындыларының көбеюіне байланысты оларды өз сайттарында жариялауға тыйым сала бастады. Бұл туралы Waxy басылымы хабарлады. Олардың қатарында Newgrounds, Inkblot Art және Fur Affinity порталдары бар.

DeviantArt және ArtStation ірі өнер қауымдастықтары жасанды интеллектке қатысты саясатына ешқандай өзгеріс енгізбеді, бірақ кейбір суретші осы платформадағы нейрожелі суреттерінің көптігіне шағымданған.

Суретшілердің айтуынша, олар адам қолымен жасалған өнерді жасанды интеллекпен генерацияланған картиналар алмастырады деп қорқады, себебі қазір суретшілер арасында нейрон желілері өте танымал.

Ал Newgrounds порталы нейрон желілері жасаған туындыларға тыйым салып үлгерді. Платформа авторларының айтуынша, олар адамдар жасаған өнерге баса назар аударғысы келеді.

Fur Affinity алаңы бұл жағдайда этика мәселесіне қатысты алаңдаулы. Портал авторларының айтуынша, олардың мақсаты — суретшілерді және олардың контентін қолдау. Сайтта жасанды интеллект суреттерінің болуы қауымдастық мүддесіне қайшы келеді.

Жасанды интеллект көмегімен сурет салу саласына қатысты дау көп. Теңдессіз жылдамдықпен өнердің шексіз түрін жасай алатын жасанды интеллектке суретшілер қалай бейімделетініне байланысты адамдардың сұрағы да бар.

Factcheck.kz