Оқырмандар 2021 жылы қандай материалдарды көп іздеді?

2020 жылы наурызда әлемде коронавирус пандемиясы жарияланған тұста адамзат өмірі өзгеріске ұшырғаны анық. Осы тұста, желіде тараған жалған ақпараттарды тексеретіндер көбейді. Өздеріңіз білетіндей кейінгі жылдары бұрмаланған ақпараттың көбі коронавирусқа қатысты болды. Алайда фейк ақпараттар тек бұл тақырыпқа қатысты болмады. Ендеше оқырмандар биыл коронавирусқа қатысы жоқ көбіне қандай материалдарды іздегенін шолып шығайық.

1. Күннің тұтылуы туралы фейк видео

2021 жылдың жазында Ресей мен Канада арасындағы Арктикада түсірілген видео әлеуметтік желіде жиі тарады. Видеода Ай көкжиектің сызығынан көрінеді, кейін аспаннан өтіп, күнді бірнеше секундқа жауып, қараңғы болуға септігін тигізеді-міс.

Алайда, видео CGI графикасының көмегімен жасалған және оригинал нұсқасы Tik Tok желісінде жарияланған. Канал авторы монтаж арқылы видео жасаумен айналысады. Толығырақ мына сілтемеде.

2. Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

Бұл 2021 жылы сайтқа оқырмандардың жиі кіруге септігін тигізген кезекті материал. Екі жыл бұрын ТМД елдері арасында Қазақстан жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты тіркелген қылмыстар саны бойынша алғашқы қатарларда екеніне көз жеткіздік. 2019 жылдың жазында жарияланған материалды мына сілтемеден оқуға болады.

3. ДДСҰ махаббатты психологиялық аурулар санатына қосқаны рас па?

Қазақстан сегментінің бір авторы былтыр таңғаларлық әрі қызық ақпаратпен бөлісті: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) махаббатты ресми түрде психологиялық аурулар қатарына қосты. Жаңа ауруға F63.9 деген нөмір берілді-міс.

Шынында да, кейбір психологтар әріптестерін махаббатты, соның ішінде махаббатты аңсауға (lovesickness) аса мән беруге шақырады. Негізі бұл туралы Ежелгі Грекияда да айтылған. Платон айтты деген де бар: «Махаббат – бұл ақыл-ойдың ауыр ауруы». Дегенмен ДДСҰ әзірше махаббатты да, махаббатқа тәуелділікті де өзінің Аурулардың халықаралық жіктеуіне (ICD-10, МКБ-10) қоспады. F63.9 коды жіктеуде «Анықталмаған әдет пен қызығушылықтың бұзылуы» ауруына берілген. Толығырақ мына сілтемеде.

4. Исландия діндерді жаппай қырып-жоятын қару деп танығаны туралы фейк

2019 жылы наурызда «Яндекс Дзен» платформасында «Исландия діндерді жаппай қырып жоятын қару деп танитын декларация қабылдады деген хабарлама тарап, Follow Laughing in Disbelief!» деген ақпарат жарияланды. Мақалада исландиялық Эндрю Канард есімді заң шығарушының «парламент дін адамдардың ақыл-ойын бұзатынын және қауіпті екенін білгенін қалаймыз» деген сөздері ұсылынған.

Сонымен қатар мақала дереккөзге сілтеме береді. Редакция сол уақытта бұл ақпараттың блогер Эндрю Холлдың “Laughing in disbelief” блогында жарияланған жазбасы екенін анықтады. Арада екі жыл өтсе де фейк ақпарат қайта тараған.

5. Among Us ойыны туралы фейк

2020 жылы мессенджерлерде әйел адам (болжам бойынша мұғалім) ата-аналарды танымал Among Us онлайн-ойынының қауіпті екенін ескертіп, оны даулы «Синий кит» ойынымен салыстырған видео тарады. Ары қарай әйел мектептерінде болған оқиғаны баяндайды. Осы ойынның салдарынан оқушы тапсырманы орындаймын деп бір күн көшеде тығылып қалған, ал ата-анасы оны тәулік бойы іздеп, әуре сарсаңға түскен. Әйел осындай оқиға өзінің сыныбында да бола ма деп уайымдайды екен.

Сол аралықта тағы бір аудиожазба тарап кетті. Онда бұл ойын балаларды өзіне қол жұмсауға әкеп соғуы мүмкін делінген. Whatsapp-тағы аудиожазбада әйел адам 34 мектептегі (қай жерде екені белгісіз) әлдебір қыз осы ойын салдарынан асылып қалғанын айтқан.

Шын мәнінде «Синий кит» пен Among Us арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Ойында расында тапсырма беріледі, бірақ тапсырма шынайы өмірде емес, ойынның өзінде орындалады. Ол жерде «көшеде тығылып қалу» немесе одан да сорақысы – «өзіңе қол жұмсау» сынды тапсырма жоқ.

6. Құбыжық туралы видео қайдан шықты?

Биыл жазда мессенжерлерде белгісіз құбыжық бейнеленген видео тарады. Материалдың сыртында ер адам қазақшалап, белгісіз тіршілік иесін итпен шатастырып, көлікпен қағып кеткенін айтады.

Ел арасында тараған видео

Табылған деректерге сай, видеодағы құбыжық фильм үшін дайындалған мүсін (манекен), ал материалдың өзі 1 сәуірге қалжың ретінде түсірілген болуы ықтимал. Видео әр елде түрлі сипаттамамен, маусымның басынан белсенді түрде тарап жатыр. Фейк ақпарат Парагвай, Чили, Аргентина және Таяу Шығыс елдерінде көбірек тараған.

7. Канадада қарттар мен балалар үйін біріктіргені жайлы фейк

Әлеуметтік желіде 2018 жылдан бері «Канадада біреудің керемет идеясын жүзеге асырды — қарттар үйі балалар үйімен біріктірілді» деген хабарлама тарады. Нәтиже күткеннен де асып түсті — қарттар сүйікті немерелерін тапты, ал жетімдер алғаш рет махаббат пен қамқорлықтың не екенін сезінді. Сонымен қатар, дәрігерлер егде жастағы адамдардың барлық өмірлік функциясы жақсарғанын хабарлады.

Оқырмандар 2021 жылы қандай материалдарды көп іздеді?

Ресми және бейресми ресурстарда Канададағы қарттар үйі балалар үйімен біріктірілгені туралы ақпарат жоқ. Шындығында, мұндай реформа әлі ешбір елде болған емес. Ақпараттың өзі 2018 жылдан бері бірнеше тілде таралды.

8. WhatsApp ақылы болатыны жайлы қандай фейк тарады?

2021 жылдың ортасына қарай WhatsApp ақылы болатындығы туралы хабарлама тарады. Яғни, қолданушылар бұның алдын алу үшін 10 контактіге осы хабарламаны жібермесе, ақылы болады-мыс. Бұл желі алаяқтарының кезекті бір методикасы .

Оқырмандар 2021 жылы қандай материалдарды көп іздеді?
Мессенджерде тараған хабарлама

Бұл хабарлама желіде тарағанына 7 жылдай болды. Мұндай фейктің тарауына компанияның жаңа саясаты түрткі болуы мүмкін. Оған сай, қолданушы компанияның жеке ақпаратқа қатысты жаңа саясатына келісім бермесе, мессенджердің біраз функциясы қолжетімді болмайды.

9. Англияның үздік мектептері советтік білім беру жүйесіне көшкені рас па?

Англияның заманауи әрі үздік мектептері советтік білім беру жүйесіне көшті деген “жаңалықты” желі қолданушылары қаралым санына қарасақ әлі талқылап жатыр.

Мұндай материалды 2018 жылы қарашада Pravda-TV.ru порталы жариялаған. Хабарды көшіріп басқан басылымдар мен бөлісен адамдар санында есеп жоқ. Өтірік екені анық қой дерсіз. Бірақ бәрі сіз ойлағандай емес. Бұл материалдың бір ерекшелігі — фейк жасаған адамдар өз-өздерін алдағандарын аңдамай қалған. Біз бұған дейін мұндайды көрген емеспіз.

Оқырмандар 2021 жылы қандай материалдарды көп іздеді?
Айта кетейік, сайт өзі, иелері жайлы ешбір ақпарат айтпайды. Тек “Правда-ТВ — саяси талқы алаңы” деген жалғыз сөйлем ғана бар.

Бұл “материалды” фейк жаңалықтар жазумен айналысатын, бұрыннан белгілі сатиралық “Панорама” басылымы дайындаған. Бұл порталдың жаңалықтарына күліп қоя салған дұрыс екенін бұрыннан айтып келеміз.

Әр фейкте бір шындық бола бермеуі мүмкін, бірақ бұл материал өзгерек. Расымен, кейбір Британ оқу орындары советтік оқыту тәжірибесін үлгі ретінде алған. Бірақ тек университет жанынан оқытылатын ЖОО-ға дейінгі арнаулы математикалық білім беру моделін ғана қолданған.

10. Кувейтте +63 градус ыстық, салдарынан көліктер ерігені жайлы фейк

2019 жылы бірқатар сайттар «Кувейтте 8 маусым күні +63 градусқа жетіп, машиналар еріп, тіпті бұл көрсеткіш әлемде бірінші рет болды» деп жазды. Соның ішінде neonomad.kz, lifter.com.ua, vesti-ua.net, avtovod.com.ua сияқты әртүрлі сайт бар.

Ақпарат жалған және осы оқиғаға қатысы бар деп таралған суреттің шын мәнінде ауа райына еш қатысы жоқ. Толығырақ мына сілтемеде.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz