NYT журналисі Әзірбайжандағы аэродромнан түрік жойғыштары табылғанын хабарлады

Әзербайжанның Гянджи әуежайында екі  F-16 жойғышы болуы мүмкін. Мұндай қорытындыны біздің әріптесіміз, The New York Times журналисі Кристиан Триберт спутниктік суреттерді зерттегеннен кейін жасаған. «Новая газета» бұл ақпаратты оның Twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлаған. Ұшақтардың Түркияға тиесілі екені нақты дәлелденген жоқ, бірақ біздің сараптама оның F-16 екенін көрсетті, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Әзербайжанда мұндай жойғыштардың жоқ екенін мәлімдеді.

«Әзербайжандағы халықаралық Гянджи әуежайында кем дегенде екі F-16 бар екенін Planet Labs компаниясының спутниктік суретін зерттеу арқылы анықтадық. Жойғыштар Түркияның Әскери әуе күштерінде эксплуатациялануы мүмкін», –  деп жазды Триберт және дәлел ретінде суретті көрсетті.

Изображение
Planet Labs суреті

Журналист жойғыштардың өлшемі мен визуалдық сипаттамаларын шамамен есептеп, ұшақтармен, оның ішінде Әзербайжанның Әскери әуе күштері эксплуатациялаған ұшақтармен (МиГ-21, МиГ-29, Су-25, Л-39) салыстырған. Триберттің пікірінше, түріктің F-16 жойғышы – суретте көрсетілгенге ұқсас. Біз де құрылымын салыстырдық та, Триберттің сөзін растадық (төмендегі проекциядан ұшақтар галереясын көріңіз).

Сонымен қатар журналист суреттен ірі жүк ұшағын байқаған, оның нұсқасы бойынша ол Түркия Әскери әуе күштеріне тиесілі CN-235 ұшағы.

«F-16 жойғыштары Таулы Қарабақта болып жатқан Армения мен Әзербайжан арасындағы әскери қақтығыстың қайта жандануына ірі держава – Түркияның қатысатынын білдіруі мүмкін», – деп пікір білдірді журналист. Сонымен қатар жойғыштар Әзербайжанға Түркия мен Әзербайжан арасындағы бірлескен оқу-жаттығуды өткізу үшін барған болуы мүмкін деп болжады. Сондай-ақ, ол жойғыштар табылғанымен, Арменияның қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, олардың бірі 29 қыркүйек күні армяндық Әскери әуе күштері Су-25-ті қағып кеткенін дәлелдемейді.

Контекст

  • Жақын күндері желіде Әзербайжан мен Армения арасындағы қарулы жанжал өршіген Таулы Қарабақта түсірілген жаңа видео пайда болды. Роликте түнгі атыс бейнеленген, ұшақтан зенитті тезатқыш қарумен оқ жаудырған. Бірақ кейін оның фейк екені белгілі болды.
Factcheck.kz