NUR деген әріптері бар автонөмірлер

KZ деген белгінің орнында NUR деген әріптері бар автонөмірді сатып алу мүмкін емес. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған хабарламаны полиция қызметкерлері де растамады. Енді тараған мәтінді бір оқып шығайық:

«Енді тек симметриялық әріптер мен цифрлардан бөлек тудың астында NUR деген жазуы бар автонөмірлер де сатып алуға болады. Бұл үшін арнайы ХҚКО-ға барып, АЕК-тен 5 700% мемлекеттік алым (143 925 тенге) төлеуіңіз керек.»

ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция Комитетінің баспасөз қызметінің Facebook парақшасында бұл туралы былай деген:

ҚР ІІМ-нің әкімшілік полиция комитеті ғаламторда тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Өткен жылдан беру автокөлік иелеріне арнайы ХҚКО-да автоны тіркеу кезінде қосымша ақы төлеу арқылы автонөмірді таңдау құқығы берілген. Бұл қызметтер әлі де қолжетімді және бағасы бірнеше милионнан асатын нөмірлерді де сатып алуға болады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz