NRK зерттеуі: TikTok соғысқа қатысты контентті ресейліктерден жасырып отыр

Норвегиялық NRK телерадиокорпорациясының журналистері TikTok желісінде бір-бірінен небәрі 80 шақырым қашықтықта орналасқан Ресей мен Украинаның шекаралас қалаларының тұрғындарына қандай контент көрінетінін зерттеп көрді. Бұл туралы Global Investigative Journalism Network хабарлады.

Зерттеу үшін журналистер IP-адрес көмегімен Белгород қаласынан ресейлік Алексейдің және Харьковтан украиналық Николайдың атына екі жалған аккаунт ашқан.

Нәтижесінде зерттеушілер екі аккаунтқа TikTok алгоритмі ұсынған 4000 видеоның тек 19-ы ғана бірдей екенін анықтады: Николайға әскери тұтқындар мен соғыста өртенген танктер туралы видео көрінсе, Алексейге көбінесе ойын-сауық мазмұнындағы видеолар ұсынылған.

Журналистер сауалына TikTok компаниясы Ресей билігінің 2022 жылы наурызда қабылдаған “соғысқа қатысты фейк тарату” заңынан қауіптенетінін мәлімдеген.

Контекст

Exposed еуропалық коммерциялық емес ұйымының мәліметі бойынша, жаһандық TikTok мазмұнының 95%-і ресейліктер үшін қолжетімсіз.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz