Нидерланды Ресей тыңшысын әшкереледі

Нидерландының қауіпсіздік қызметі (AIVD) Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотта жұмыс істеуді жоспарлаған Ресей барлау қызметінің (ГРУ) агентін әшкереледі. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Барлау қызметінің мәліметінше, ресейліктің аты жөні — Сергей Черкасов және ол ГРУ агентінің заңсыз барлау қызметкері. Черкасов бразилиялық құжатты пайдаланып, өзін Виктор Мюллер Феррейра деп таныстырған.

Барлау қызметінің мәліметінше, мұндай агенттер мықты дайындықтан өтеді және оларды анықтау өте қиын. Алайда Черкасовты қалай әшкерелегені жайлы ақпарат айтылмады.

Бразилия полициясы мәліметінше, ресейлік Рио-да-Жанейроға 2010 жылы келіп, өзін бразилиялықпын деп таныстырған. Кейін жаңа атпен бірнеше жыл Ирландия мен АҚШ-та тұрған. Бұдан соң Бразилияға оралып, Нидерландыға кетуге дайындалған.

Сонымен бірге, Халықаралық қылмыстық сотта алдын ала тергеу бөліміне кіші аналитик қызметіне стажер қызметін атқарған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz