Нидерланды билігі «Анти-5G» аксессуардың радиоактивті екенін хабарлады

Пайдаланушыларды 5G ұялы байланысының сәулеленуінен қорғайтын аксессуарлардың он түрі радиоактивті болып шықты. Бұл туралы Нидерландының ядролық қауіпсіздік және радиациядан қорғау органы ANVS хабарлады.

Бұл тізімге 10 өнім кіреді. Олардың арасында ұйқыға арналған маска, алқа және балаларға арналған білезік бар.

Мемлекеттік орган өкілдерінің айтуынша, радиацияның деңгейі жоғары емес екеніне қарамастан, адам денсаулығы келтіретін зиянды жоққа шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, зерттеушілер өнімдерде «радиоактивті заттар» бар екенін анықтаған.

ANVS аталған аксессуарларды пайдалануды дереу тоқтатуға шақырды. Бұған қоса, қауіпті өнімдерді сатуға тыйым салынды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz