Nickelodeon HD телеарнасы қазақ тілінде көрсетіледі

Paramount компаниясының контентті локализациялау жобасы аясында Nickelodeon HD телеарнасы қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл туралы The Village Қазақстан хабарлады.

Жоба аясында жыл соңына дейін премьералық бағдарламалардың 354 эпизодын шығару жоспарланған.

Телеарна өкілдерінің сөзінше, Қазақстанда Nickelodeon брендінің кеңеюі және оның қазақ тіліндегі бағдарлама аудиториясының ұлғаюынан бөлек, телеарна ұлттық өндірушілерді балаларға арналған брендтік өнімдер шығаруға ынталандыратын болады.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Nickelodeon шешімін қолдаған.

Nickelodeon телеарнасы 40 жыл бойы балалар мультфильмдері мен шоуларын шығарып келеді. Оның ішінде “Губка Боб шаршы шалбар”, “Смурфиктер”, “Жұлдызды жол: Протостар” және “Трансформерлер” сияқты танымал анимациялық шоулар бар.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz