Несиелер өтеледі деген фейк қайта тарап жатыр

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде қазақстандықтардың несилері кешіріледі деген хабарлама тарап жатыр. Хабарлама мәтінінде 15 қаңтарға дейін өтініш жазған азаматтардың барлық қарызы кешіріледі-міс.

Үкім: Фейк

Желіде тараған ақпаратты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк жоққа шығарды. Бұдан бөлек Ақорда да бұған қатысты ешқандай ақпарат таратпады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарап жатқан несиелерді өтеу туралы жаңалықтар шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ-тан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Ұлттық банк пен ҚНРДА-нің бірлескен мәлімдемесі:

Осыған ұқсас фейк 2021 жылдың желтоқсанында тараған еді. Ол кезде де ақпараттың өтірік екені айтылған.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz