#НеМолчиKZ басшысы қылмыстық іс бойынша «күдікті» деп танылды

#НеМолчиKZ қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі жеке өмірге қол сұғылмаушылық (ҚР ҚК 147-баптың 5-тармағы) туралы іс бойынша “күдікті” деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Таңсәрі адвокатына берген ресми жауабына сілтеп, “Медиазона” сайты хабарлады.

“Медиазона” дерегінше, 2020 жылдың қаңтарында Таңсәріге қарсы қозғалған “көрінеу жалған ақпарат таратуға” (ҚР ҚК 274-бабының 2-тармағы) қатысты іс осы тергеуге қосылған.

17 мамырда Дина Таңсәрі “Медиазона” редакциясына Қызылордада екінші сынып оқушысының зорланғаны жайлы Facebook-тегі жазбасынан кейін қылмыстық іс бойынша куәгер болғанын айтты. Дегенмен тергеуді бастау туралы ресми жарлық Таңсәріге берілмеген.

Бұған дейін Алматы полициясының департаменті құқық қорғаушының үстінен «жалған ақпарат таратқаны үшін» төрт қылмыстық іс қозғаған. Бұл ақпаратты Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол мұны “қорқыту” деп атады.

Полиция қылмыстық іске байланысты ресми мәлімдеме жасамаса да, қор басшысын бірнеше рет тергеуге шақырған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz