Назарбаевтың 2022 жылдың 18 қаңтардағы видеосы рас па?

“Қаңтардағы қасірет” болғалы халық алдына шықпаған Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылдың 18 қаңтарында үндеу (жазбаша нұсқасы ресми сайтта) жариялады. Видео тарай сала “мынау дипфейк емес пе?”, “дипфейк сияқты” деген пікірлер көбейді. Оқырмандарымыз да ақ-қарасын анықтап берсеңіздер деп, ондаған хабарлама жазған соң, видеоны арнайы сервистердің көмегімен тексердік.

Ендеше, кеттік, бірге тексерейік…

Бұл видео – дипфейк емес. Дипфейкте көбіне адамның бейнесі анфас түрінде болады және біріктірілген кадрлар кездесе бермейді. Десе де, көңілдегі күдікті сейілту үшін арнайы сервистің көмегіне жүгіндік. Талдама нәтижесіне қарасақ, видеода дипфейк технологиясын қолдану мүмкіндігі тым төмен.

Назарбаевтың 2022 жылдың 18 қаңтардағы видеосы рас па?

Өздеріңіз де көргендей Назарбаевтың үндеуі бірнеше кадрдан біріктірілген және бұл видеоны бірнеше дубльмен түсіргенін айғақтайды. Монтаж – біркелкі емес, 3D модельдеу мен өңдеудің ізі анықталмады.

Видео қайда түсірілген?

Астанада, ҚР Тұңғыш президентінің кітапханасында болуы ықтимал. Online Factcheck Academy жобасының түлектері Медина мен Фатима Майсар кітапханадан видеодағыдай бөлмені анықтады. Екі жағдайдағы айырмашылық – үстел ғана.

Назарбаевтың 2022 жылдың 18 қаңтардағы видеосы рас па?

Дипфейк технологиясы және видео туралы мына сілтемеден толығырақ оқи аласыздар.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz