Назарбаеваға тиесілі болған компания бюджетке 8,1 миллиард шығын әкелді

Дариға Назарбаевамен байланысы бар компаниямен жасалған бірқатар келісім бюджетке 8,1 миллиард теңге шығын әкелді. Бұл туралы Vlast.kz хабарлады.

Есеп комитетінің хабарлауынша, Nurbank «Алаң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 9,5 миллиард теңге несие берген, кейін оның толық емес соммасы (50,8 миллион фунт немесе 9,144 миллиард теңге) Виргин аралдарында тіркелген Borellis Investment компаниясына несие ретінде аударылған. Содан соң «Алаң» ЖШС мен Nurbank несиеге қатысты міндеттемелерді сол уақытта ресейлік «Первый канал» мен Дариға Назарбаеваға тиесілі «Еуразия+ОРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне беру туралы келісімге келген.

Келісімнен соң 10 күн ішінде «Еуразия+ОРТ» Тұңғыш президент қорына, бір жылдан соң мемлекет меншігіне өтті. Алайда Borellis Investment компаниясы оларға бұрыңғыша қарыз болды.

2009 жылдан 2014 жылға дейін Borellis Investment қарызын қайтаруы керек еді, алайда компания қайтармаған. 2014 жылдың соңында «Евразия+ОРТ» ЖШС Borellis Investment компаниясының 15,8 миллиард теңге қарызын кешірді.

Ал Nurbank «Еуразия+ОРТ» компаниясының несиесін кешірген жоқ. Сәйкесінше, бұл несие бойынша міндеттемелер әлі күнге дейін Қазақстанның жартылай меншігіндегі «Еуразия+ОРТ» компаниясының мойнында тұр.

Нәтижесінде Есеп комитеті активтерді жоғалту түріндегі шығын 8,109 миллиард теңге болғанын анықтады.

Кейінгі жылдары “Евразия+ОРТ” Nurbank алдындағы 6,254 миллиард теңге көлемдегі негізгі қарызын өтеп келеді. 2018-2021 жылдар аралығында банкке төленген процент 1,855 миллиард теңге болған.

Аудит қорытындысы жақында құқық қорғау органдарына тапсырылады. Олар бұл ақшаны Қазақстанға қайтару-қайтармауды шешеді.

Factcheck.kz