Нұрсұлтан Назарбаев қоры OCCRP ұйымын сотқа берді

Нұрсұлтан Назарбаев қоры “Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты хабарлау жөніндегі халықаралық ұйымының” (OCCRP) журналистерін жала жапты деп айыптап, сотқа берді. Бұл туралы “Courthouse News Service” сайтында хабарланды.

“Courthouse News Service” мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев қоры OCCRP-дің “Назарбаев миллиардтары” мақаласындағы тезистерді — “жалған” және “жала” деп айыптаған.

Ал OCCRP тағылған айыптармен келіспейтінін хабарлады.

OCCRP ұйымы 19 қаңтарда «Назарбаев миллиардтары: Қазақстанның Ұлт көшбасшысы өзі құрған қайырымдылық қорлары арқылы орасан байлықты қалай басқарып отыр» атты мақаласын жариялады. Зерттеуде OCCRP Назарбаев қорына тиесілі активтерде кемі 7,8 млрд доллар барын анықтаған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz