Навальный құран оқытпағаны үшін колонияны сотқа берді

Ресейлік оппозициянер Алексей Навальный Покровадағы №2 колонияны сотқа берді. Бұл туралы оның инстаграмдағы парақшасында хабарланды.

“Маған құранымды бермей жатыр. Бұл мені ашуландырады. Абақтыға енді келген кезде өзімді дамытатын тізімді жасадым. Олардың арасында құран мен Пайғамбардың сүннетін терең зерттеп, түсіну де бар”, – деп жазды Навальный.

Навальный Ислам дінін түсініп қана қоймай, құранды жатқа білуге шешім қабылдаған. Ол мұсылман емес саясаткерлердің арасында құранды ең үздік деңгейде білуге тырысатынын жазды. Сонымен қатар, христиан ретінде дамуы үшін де құранды зерттеудің маңызды екенін айтты.

Бұған дейін “Ив Роше” ісі бойынша Ресей колониясында жазасын өтеп жатқан саясаткер Алексей Навальный аштық жариялап, дәрігерге қаралуды талап еткен. Навальныйдың аштық жариялағанына 13 күн болды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz