NASA-ның айға ұшқан ғарыш кемесі адасып кетті ме?

NASA-ның “Артемида-1” ай миссиясы аясында “Орион” ғарыш кемесінің ұшырылғанына қатысты тараған суреттер қоғамда түрлі болжам тудырды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Фактчекерлер фотодағы зымыранның траекториясы неліктен “айдың жанынан өтіп кеткендей” көрсетіп тұрғанын анықтады.

NASA-ның айға ұшқан ғарыш кемесі адасып кетті ме?

“Орион” капсуласының ұшырылған сәтіндегі суреттерді Facebook желісіндегі фотографтардың бірі 16 қарашада жүктеді. Сонымен қатар Reuters агенттігі қисық траекториямен ұшқан зымыранның басқа фотоларын жариялады.

Кейбір желі қолданушысы ұшқышсыз ғарыш кемесінің бұл қисық жолын капсуланың айдан алыстап, адасып кеткенінің дәлелі ретінде қабылдады. Мысалы, бір қолданушы: «Жер шар емес. Барлығымыз алдандық»,-деп жазған.

Алайда Reuters агенттігінің фактчекерлері ғарыш кемесінің жерден ұшқаннан кейінгі траекториясы айға тікелей ұшуын білдірмейтінін анықтады.

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) мен Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) жариялаған графикаларға сәйкес, капсула айдың айналасындағы орбитаға шықпас бұрын ең әуелі төмен жер орбитасына шығуы керек (мұнда, мұнда және мұнда).

Еуропалық ғарыш агенттігінің мәліметінше, миссияны басқару орталығы айға ұшыру алдында соңғы рет бір тексеру үшін капсуланы жер орбитасына ұшырады.

Жетілдірілген аэроғарыштық зерттеулер мектебінің стратегия және қауіпсіздік зерттеулерінің ассистенті Венди Н. Уитман Коббтың Reuters агенттігіне айтуынша, соңында кеме айдың алыс ретроград орбитасына жетеді.

Орбиталық траекториялар өте күрделі, бірақ қарапайым тілмен айтқанда, “Артемида-1” жер орбитасына кіргеннен кейін көп ұзамай есептелген ай орбитасына (TLI) шығуды бастағанда, ғарыш аппаратын жер орбитасындағы бағыттан шығару үшін қозғалтқыштар қайтадан іске қосылды.

Уитман Кобб

“Яғни, сіз ғарыш кемесін ұшыру кезінде қайда болса да, оны айға қарай бағыттауға міндетті емессіз. Бірақ сіз ғарыш кемесін бірнеше күннен кейін ай болатын кеңістікке бағыттайсыз. Ай “Артемидамен” сол нүктеде кездеседі”,-деді ол.

NASA жариялаған ретроград орбитадасындағы “Орион” ғарыш кемесінің фотосын мына жерден көруге болады.

“Орион” ғарыш кемесі 16 қарашада “Артемида-1” ай миссиясы аясында ұшырылды және 11 желтоқсанда қайтып, теңізге қонады деп күтіледі.

Factcheck.kz