Нацистік белгі мен Украина туы бар фото фейк болып шықты

Интернетте күйеу жігіт, қалыңдық және қонақтардың қолын көтеріп, нацистік сәлемдесу белгісін көрсеткен фотосы тарады. Оған қоса олар Украина туын ұстап тұр. Reuters фактчекерлері фотосуреттің өңделгенін анықтады.

Аталмыш суретті Twitter (мұнда, мұнда және мұнда) және Facebook желісінен (мұнда және мұнда) табуға болады.

Reuters агенттігі фотосуреттің түпнұсқасын таба алмады, алайда Tineye кері іздеу жүйесі арқылы 2016 жылғы маусымда ресейлік сайтқа жарияланған жазбаны байқады. Онда суреттегілер көк және сары емес, қара және сары түсті ту ұстаған. Салыстармалы түрдегі фотоны мына жерден көруіңізге болады.

2018 жылы украиналық Obozrevatel.com сайты фотоның түпнұсқасы Ресейдің Новокузнецк қаласында жасалғанын хабарлады. Фотосуреттегі фон шынымен Новокузнецктегі Ленин ескерткішіне ұқсайды.

Бұған дейін Newsweek (мұнда), Lead Stories (мұнда) және Agence France-Presse (мұнда) фактчекерлері де суреттің түпнұсқа емес екенін, өңдеу арқылы Украина туы қосылғанын мәлімдеген.

Түпнұсқа сурет желіде кем дегенде 2016 жылдан бері тарап жатыр және Ресейде жасалғанға ұқсайды.

Factcheck.kz